Хабарландыру!
- Бөлім: Жаңалықтар
Құрметті жамағат 17-наурыз күні сағат 13.00-де «Иманғали» орталық мешітінде «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйелдер жамағаты дайындаған тігін өнімдері мен қолөнер бұйымдары сатылымға қойылады. Нақты айтқанда, сатылым заттары арасында жас келіндер мен әже-аналарымызға арналған кимешектер (бас киімдерімен), 12 жасқа дейінгі қыз балаларға арналған намаз көйлектері, 1-2 жастан жоғары қыз және ұл балаларға арналған ұлттық бас киімдермен қоса, кәжекейлер мен жайнамаздар бар. Сондай-ақ, ардақты аналарымыздың қолынан шыққан түрлі ас мәзірлерінен дәм татып, қайырымдылыққа үлес қосамын десеңіз, біз сіздерді асыға күтеміз!!!
Жәрмеңкенің өту мерзімі: 17 наурыз. сағат 13.00-16.00
Өтетін орны: «Иманғали» орталық мешіті ауласы