Екі айлық білім жетілдіру курсы аяқталды (фото)
- Бөлім: Жаңалықтар
Бүгін, 20-наурыз күні «Иманғали» орталық мешіті жанындағы медреседе кезекті екі айлық білім жетілдіру курсының жабылу салтанаты болып өтті.
ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының қолдауымен жұмыс жасап келе жатқан аталмыш курс бүгінде өңірге қарасты қала, аудан, ауыл имамдарына көмекші мамандарды дайындау, біліктілігін көтеру мақсатында қоғамға қалтқысыз қызмет етуде. «Білім алу – мұсылманның парызы. Осы ретте аталмыш оқу орнынан білім алған көптеген түлектеріміз жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін жалғастыруда. Алла Тағала сіздерге де терең білім иесі болуды нәсіп еткей. Біз болашақ білім кеңістігіне жол салдық. Ал, оны көркейтіп, ел мүддесіне жұмсау – сіздердің қолдарыңызда», – деді өкіл имам Батыржан қажы.
Сондай-ақ, курстың жабылу салтанатына Ақпараттық-талдау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы, теолог Батырбек Убаев, Мейіржан Рахматулла, Мысыр-Араб елінен арнайы шақыртумен келген Ахмад Абдулазиз Заид бастаған бір топ ұстаздар қатысып, аталмыш курс түлектерін 2 айлық семинар курсын нәтижелі аяқтау қуаныштарымен құттықтады.
Айта кету керек, 29 түлекке білім сертификаттары табыс етілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі