Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой ауданы Наурыз мерекесін атап өтті

24-наурыз күні  «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде  ұлық мерекеге орай Жылыой аудандық орталық мешіті және ҚР-ы Қажылар қауымдастығы Жылыой аудандық филиалының бірлесе  ұйымдастыруымен «Ұлыс оң болғай» атты дәстүрлі рухани іс-шарасы өтті.

Мешітте мерекелік дастархан жайылып, ұлттық ойындарымыз ойналды. Шараның мақсаты - жастарды салт-дәстүрді қастерлеуге баулып, төл мерекемізді жаңғырту.

Шара барысында Жылыой ауданның бас имамы А.Исаев, аудандық Қажылар қоғамының төрағасы Ж.Тұрмағанбетов, төрайым Қ.Қосқұлақовалар шара қонақтарын мерекемен құттықтап,  бірлік пен ынтымақ жайлы әсерлі толғаныстарымен бөлісті.

Шара асық ату, тұсау кесу, ұршық иіру, балаға азан шақырып ат қою сынды дәстүрлі амалдармен жалғасын тапты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...