Иманғали мешітінің ұжымы \ саңыраулар қоғамында | islam-atyrau.kz
- Бөлім: Бейнероликтер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Көктемнің ең алғашқы мерекесі – 1-наурыз Алғыс айту күні, сондай-ақ, Әйел-қыздар мейрамдарына орай ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Шүкір деуден жалықпа!» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Осындай атаулы күнде Аллаға алғыс-мадақ, шүкір айтуды мақсат еткен шара барысында қарын тойғызатын қанағат, барды бағалататын шүкіршілік тақырыбындағы Құран аяттары мен асыл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак хадистері жатқа айтылып, анаға құрмет етуге шақыратын көркем монологтар оқылды. Әйел-қыздар секторының мүшесі, ұстаз Бибінұр Қармысқызының жетекшілігімен өткен шараның тағылым-тәрбиелік мәні өте зор болды.
Шара соңында аналар мен әпке-сіңлілеріміз бір-біріне алғыс білдіріп, сыйлықтарын тарту етті.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
7-наурыз күні «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы медреседе оқу орны ұстаздары бас қосқан жиын өтті.
Жиынды ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ашып, жүргізіп отырды. Басқосу барысында өкіл имам ұстаздарға тың тапсырмалар жүктеп, екі айлық курс соңында өтетін емтихан күнін белгіледі. Сондай-ақ, болашақта медресе түлектерімен қарым-қатынаста болу, білімнің сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
Көктемнің алғашқы мерекесі – әйел-қыздар мейрамына орай «Иманғали» орталық мешіті азаматтары Алла үйінің барша әйел қызметкерлеріне құрмет білдірді.
Бас имамның бөлмесінде өткен құттықтау салтанатында өкіл имам Батыржан Берденұлы құттықтау сөз сөйлеп, «анаға құрмет білдіру – пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті. Жұмақ ананың аяғының астында екенін айтқан ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамзаттың анаға қарыздар екенін меңзейді. Олай болса, анаға құрмет білдіру сәттік уақытпенөлшенбесе керек-ті. Алла Тағала ананы сыйлау үшін арнайы бір күнді бекітпеген. Сондықтан да аналар қашан да құрмет-сыйға лайықты», – деді.
Жиын соңында бас имам мешіттің әйел-аналарымызға сыйақы тарту етіп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке тіледі.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі