Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық Әйел-қыздар секторы дімкәс қария аналарды құттықтады

Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8-наурыз халықаралық Әйелдер күні қарсаңында ҚМДБ Атырау өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Айжарқын Түзелованың бастамасымен сауат ашу курсының бір топ әйелдер жамағаты қария аналардың отбасын аралап, мерекемен құттықтады.

Көптен бері сал ауруына ұшырап, ал бірі қарттықтан төсекке таңылған дімкәс жандардың көңілін сұрай барған әйел жамағаты қария аналармен аз-кем сырласып, жағдайларымен танысты. Қашан да дұға-тілекте болатынын айтып, қандай жағдайда да қол ұшын созуға дайын екендерін айтты.  

Аурудың көңілін сұрау сынды Алла Тағала құзырындағы қайырлы да сауапты іс барысында Үміт Оспанова (87 жас), Қалықыз Ізбасарова (96 жас),  сондай-ақ, көрші-көлемнің қамқорлығымен тірлік кешіп жатқан жалғызбасты Нұрыш Қапақова (75) сияқты аналарымызға ақ жаулық тарту етілді. 

Осы орайда адамдық пейілімен тәнті еткен жамағатқа дән риза болған қариялар ағыл-тегіл алғыс сезімдерін білдірді. Қариясына қарайласқан кейінгі буынға ақ баталарын беріп,  мағыналы ғұмыр тіледі.     

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Қарияға қарайласу – қайырлы іс

7-наурыз күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі Жалпы және жастар ісінің жетекшісі Арман Урумбаев қаладағы қария аналарымыздың үйлерін аралап, төл мерекелерімен құттықтады. 

Қариялардың көңілін сұрай барған Арман Урумбаев ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған қамкөңіл қариялармен аз-кем тілдесіп, қамқорлық танытты. Сондай-ақ, қайырымдылық пакеттерін үлестіріп, діни кітаптарды тарту етті.

  Осы ретте қариялар қоғамнан жырақ қалса да, өздерін елеп-ескерген Алла үйінің ұжымына алғыс сезімдерін білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...