Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ершат Оңғар Атыраудағы медресе шәкірттерімен жүздесті

ҚМДБ-ы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар "Иманғали" орталық мешіті жанындағы медресенің екі айлық білім жетілдіру курсында білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.    

          ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, Бас имам Батыржан Берденұлының басшылығымен ашылып, қазіргі таңда мешіттің қаржыландыруымен жұмыс жасап жатқан медресенің тыныс-тіршілігімен танысқан Е.Оңғар шәкірттерге білімнің құндылығы жайында уағыз-насихат айтты. "Білім - Алланың әмірі. Құранның алғашқы аяттары білім алуды бұйырады. Алланың алдында дәрежесі ең жоғарылар - білімді адамдар. Қасиетті Құранның білгендер мен білмегендерді тең қоймайтын себебі де - осы. Ендеше, жәннаттағы дәрежеміздің жоғары болуына алып келетін білім алуда ықыласты болу, алған білімді амалмен бекіту - баршамыздың мұсылмандық борышымыз", - деді Е.Оңғар.

          Кездесу соңында шәкірттер көкейтесті сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ершат Оңғар «Нұр Отан» партиясында қала халқымен кездесті

23-сәуір күні ҚМДБ-ы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының Атырау филиалында қала халқымен жүздесті.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи жүргізді. Кездесу барысында  ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы сөз сөйлеп, ата дініміз – Ислам дінінің адамзатты бірлік пен татулыққа бастайтын рухани құндылықтарын атап көрсетті. Сондай-ақ, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғар қоғамымызда жат ағымдардың белең алу үрдісіне тоқтала келіп, олардың ұлттық қауіпсіздігімізге тигізетін ықпалы туралы пікірлерімен бөлісті. «Діни экстремизмнің ел аймақтарына таралуына ықпал ететін басты алғышарттарды атап көрсетуге болады. Соның бірі – халықтың діни сауаттылығының төмендігі, ұлттық-тарихи сананың кемшін түсіп жатқаны. Қоғамның діни радикалдану, яғни іштейағымға ыдырауының бірден-бір себебі – осы», – деді ол өз сөзінде.

Жиын соңында исламтанушы көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ершат Оңғар Атырау жамағатымен кездесті

 

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар Атырау жамағатымен  кездесу жұмыстарын жүргізді.

Ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғардың Атырау жамағатымен жүздесу шараларының ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы жетекшілік етті.

Мешіт жамағаттары, мектеп оқушылары және ауыл халқымен өткен кездесулер барысында Е.Оңғар Ислам мәдениеті құндылықтары, сондай-ақ, қоғамымыздағы жат ағымдардың белең алу үрдісіне тоқтала келіп, олардың ұлттық қауіпсіздігімізге тигізетін ықпалы туралы сөз қозғады. «Діни экстремизмнің аймақтарға таралуына септігін тигізетін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Солардың бірі – халықтың діни сауатының төмендігі.  Қоғамның діни радикалдану, яғни іштейағымға ыдырауының бірден-бір себебі де – осы», – деді.

Жиын соңында исламтанушы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп отырды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ершат Оңғар Атыраудағы «Әт-тақуа» мешітінде

24-сәуір күні ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар қалалық «Әт-тақуа» мешітінде жамағатпен жүздесті.

Кездесуді ҚМДБ-ның Атыраудағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғарды жамағатқа таныстырды. Е.Оңғар өз сөзінде қоғамымызда жат ағымдардың белең алу үрдісіне тоқтала келіп, олардың ұлттық қауіпсіздігімізге тигізетін ықпалы туралы сөз қозғады. «Діни экстремизмнің аймақтарға таралуына септігін тигізетін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Солардың бірі – халықтың діни сауатының төмендігі.  Қоғамның діни радикалдану, яғни іштейағымға ыдырауының бірден-бір себебі – осы», – деді ол өз сөзінде.

Жиын соңында исламтанушы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Ершат Оңғар селолық округ халқына уағыз айтты

 

24-сәуір күні ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы, Ершат Оңғар Атырау қаласына қарасты Теңдік селолық округі тұрғындарымен кездесті.

 

Кездесуді ҚМДБ-ның Атыраудағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғарды халыққа таныстырды.

 

Кездесу барысында Діни басқарманың өкілі ретінде Ершат Оңғар төл дініміз жайында нақты және тереңінен әңгімелеп берді. «Қазақ жеріне Ислам дінінің келгеніне, қанат жайғанына он екі ғасырдан астам уақыт өткенін тарихтан білеміз. Осынша уақыт бойы мәдениетімізбен, салт-дәстүрімізбен және ұлттық менталитетімізбен біте қайнасқан ислам бүгінде дәстүрлі дінімізге айналғаны рас. Сондықтан қазақ халқының исламды ұстану жолы біреу, ол – Исламды тұтыну. Бабаларымыз Исламды географиясына, салт-дәстүріне, менталитетіне сай келетінін түсінді. Діннің қағидалары, яғни шариғат жақсы істерге әркез тыйым салмайды, тек Құран, хадиске сай келсе болғаны»,  – деді ол өз сөзінде.    

 

Жиын соңында еркін пікір алмасылды.

 

 

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі

 

 

Толығырақ ...

Ершат Оңғар атыраулық мектеп оқушыларымен кездесті

 

 

24-сәуір күні ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы, Ершат Оңғар Атырау қаласы Геолог селосына қарасты Бірлік ауылындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

 

Кездесуді ҚМДБ-ның Атыраудағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғарды оқушыларға таныстырды.

 

Ершат Оңғар мектеп қабырғасында жүрген оқушыларға білім алудың маңыздылығын айта келіп, «Құран кәрімнің алғашқы аяттарының өзі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) «оқы!» деп түскен. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Білімді жазу, сызу арқылы байлаңыздар» деген хадисі бар. Сол үшін ғылым мен технология қаншалықты дамыса да, сандық технология басым болса да, адамзат өмірі үшін қаламсаптың маңызы еш уақытта жоғалмайды. Дін ілімін тереңдеп оқуды қалаған адам сол ілімді тер төгіп, жазып-сызбай үлкен жетістікке жете алмайды. Сол үшін менің қағидам – «Ұстазымыз – ғаламтор емес, ҚМДБ-ның білікті имамдары болсын!»,  – өскелең ұрпақ өміріндегі діни сауаттылықтың мән-маңызын атап көрсетті. 

 

Жиын соңында исламтанушы оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

 

 

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...