Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қала мешіттері арасында «Волейболдан» жолдастық кездесуі өтті

26-сәуір күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі, «Иманғали орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының қолдауымен, Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаевтың ұйымдастыруымен қала мешіттері арасында «Волейболдан» жолдастық кездесуі өтті. Байрақты бәсекені өкіл имам ашып, бақ емес, баптың шабуынан үміткер сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Қызу тартысты өткен сайысқа 6 команда қатысып, қорытынды есеп бойынша сайыстың бас жүлдесі Дамбы ауылдық мешітіне бұйырып,  жүлделі 1-орынға ие болды.  Ал, бір сәт имамдық қызметтен қол суытып, сайысқа қатысқан «Имамдар» командасы 2-орынға табан тіресе, қалалық «Әт-тақуа» мешіті 3-орын биігінен көрінді.

Сайысты қорытындылаған өкіл имам Б.Берденұлы жеңімпаз «Дамбы» командасына сайыс «Кубогын» табыс етті. Сондай-ақ, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған қомандаларды арнайы «Диплом» және медальдармен марапаттады.  Сайысқа белсене араласқан қалған үш командаға «Алғыс хат» табыс етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі   

 

Толығырақ ...

Ершат Оңғар: «Ханафи мәзһабы тура жолға бастайды»

 

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар Атырауда болған екі күндік сапарында облыстық «Иманғали» орталық мешіті және мешіт жанындағы медресе шәкірттеріне, жамағаттарға уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында қала халқымен кездесу өткізді.

Ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғардың атыраулық ағайынмен кездесу шараларының ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ұйытқы болды.

Қала халқы, жамағатпен кездесу барысында Ершат Оңғар «ұлттық тұтастығымыздың ұйытқысы, салт-дәстүріміздің мәйегі – Ханафи мәзһабының артықшылықтары туралы сөз қозғап, Ханафи мәзһабының тура жолға бастайтын  мәзһаб екенін айтты. Міне, осындай еш міні жоқ, Алладан түскелі пендеуи өзгеріске түспеген дінімізді негізге алатын мәзһабты мойынсұнбаушылық – асыл дініміз ғана емес, туған тарихымызға құрметсіздік. Мұның қауіпті тұсы – жастардың ағымға ыдырап, іштей алауыздық тудыруында. Сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздігімізге қатерін төндіру пиғылында жатыр. Ал, бұдан шығатын жалғыз ғана жол – пайғамбар (с.ғ.с.) өнегесінен тағылым алып, балаларымызға мұсылмандық тәрбие беру. Екіншіден, діни ілімімізді арттырып, қоғамда татулық пен достықтың үлгісін жаю», – деп білім мен тәрбиеге, бауырмалдық пен достыққа үндейтін Ислам құндылықтарына құрметпен қарауды үндеді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ершат Оңғар “Иманғали» орталық мешітінде

23-сәуір күні ҚМДБ-ы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар «Иманғали» орталық мешітінде болып, мешіт жамағатымен жүздесті.

Кездесуді ҚМДБ-ның Атыраудағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғарды жамағатқа таныстырды.

Кездесу барысында Ершат Оңғар «Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Оның тамыры тым тереңде, ол ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) замамынан бастау алады. Нақты айтқанда, Исламдағы алғашқы үш ғасырдың бірінде қалыптаса бастаған. Шариғи тұрғыдан алғанда, «мәзһаб» деп арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын айтады. Мысалы, қазақ елі Ханафи мәзһабын басшылыққа алады. Сондықтан Ханафи мәзһабына қарсы келу пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне қарсы келу, Ислам дінін мойынсұнбау болып табылады», – деп Ханафи мәзһабының тура жолға бастайтын жол екенін айтты.     

Жиын соңында исламтанушы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптарын берді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...