Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық Әйел-қыздар секторы дөңгелек үстелде бас қосты

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша "Әйел-қыздар" секторы жыл басында өкіл имам Батыржан Берденұлының қолдауымен "Әжелер мектебін" құрып, мектеп жұмысын жандандыру, жастарға өнеге болу мақсатында ай сайын дөңгелек үстел ұйымдастыруды қолға алып еді. Осы орайда сәуір айына жоспарланған кезекті дөңгелек үстел "Ошағы түзудің түтіні түзу" тақырыбында өтті.

          Облыс бойынша сектор жетекшісі, ұстаз Айжарқын Түзелова жүргізген дөңгелек үстел барысында ҚР Қажылар қауымдастығы Атырау филиалының төрайымы Жұмагүл қажы Нәсиқызы, Елена қажы Ізімқызы, сондай-ақ, Күләш аналарымыз "Ене мен келін арасындағы туысқандық қарым-қатынас", "Азаматтық неке және оның қоғамдық зардаптары", "Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы мұсылмандық ақылары" тақырыптарында баяндама жасап, қазақ тарихындағы отбасы институтының озық дәстүрін өнеге етті.  

          Шара соңында аналарымыз дөңгелек үстел тыңдармандарымен еркін пікір алмасып, отбасы берекесін сақтаудағы әйел адамның жауапкершілігін баса көрсетті.

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...