"Иманғали" орталық мешітінде сенбілік өтті
- Бөлім: Жаңалықтар
Сенбі, сәуір айының 8-і күні "Иманғали" орталық мешітінде сенбілік өтті. Сенбілікке ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы қатысып, Алла үйіне қызмет етудің сансыз сауапқа кенелтетін игі амал екенін айтты. Және мешіт қызметкерлерінің істеріне береке тілеп, жылы лебізін арнады.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын", - демекші, мешіт ауласын тазалауға ықыласпен кіріскен Алла үйінің қызметкерлері тазалық шараларын атқарып болғаннан кейін тал егіп, әктеу жұмыстарын жасады.
"Иманғали" орталық
мешітінің баспасөз қызметі