Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешітінде Рамазан айына орай бүктеме қағаздар таратылды

          22-мамыр күні «Иманғали» орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Нұр шашқан Рамазан» атты бүктеме қағаздар таратылды. Бүктеме қағазда Рамазан айының дініміздегі орны, қадір-қасиеті туралы аят, хадистер негізінде жазылған мәлімет берілген. Айталық, Рамазан айында орындалатын ораза құлшылығының қоғамдық, тәндік-рухани пайдасы, оразаны бұзатын нәрселер, оразаны бұзбайтын нәрселер, ауыз бекітерде, ауыз ашар кездерінде оқылатын дұғалар жазылған.

Бүктеме қағаздың екінші бетінде ораза ұстау кестесі берілген.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі  

Толығырақ ...

Курс түлектеріне білім сертификаттары табыс етілді

Бүгін, 22-мамыр күні «Иманғали» орталық мешіті жанындағы әйелдер жамағатына арналған 3 айлық сауат ашу курсының жабылу салтанаты өтті.

Шараны ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып,  сауат ашу, Құран үйрену мақсатымен курс қабырғасында білім алған ақ жаулықты асыл аналарымыз бен бойжеткен қыздарды Құранға түсу қуанышымен құттықтады. Батыржан қажы өз сөзінде «Асыл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак мінезі Құраннан тұрған. Адамзаттың абзалы мирас еткен бұл нығмет – біздер үшін үлгі-өнеге. Мұсылман кәміл иманға жетемін десе, ілім үйренуден, ізденуден жалықпауы керек. Көрген жан көркем мінезіне сүйсініп, одан дін-Исламның шарапатын көргені абзал», – деп Құран үйренудің маңыздылығын атап көрсетті.

Сондай-ақ, «бұ дүниеде Құранды жаттаған хафиз баланың ата-анасы о дүниеде жәннатта нұрдан тәж киеді», – деп келетін пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін мысал еткен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі, мешіт ұстазы Айжарқын Түзелова Құран оқуға қол жеткізіп, өзара қуанысқан 40-қа жуық шәкіртке білім сертификаттарын табыс етті.

Шара соңында әйел жамағаттары дастарханнан дәм ауыз тиді.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...