Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қош келдің, құт береке айы – Pамазан!

Міне, қасиетті Рамазан айыда келіпжетті. Осындайберекелікүнгежеткізгеніүшін Алла Тағалаға сансыз мақтауларболсын!

 Мүбәрәк Рамазан айы – асыға күткен мұсылман қауым үшін Алланың шексіз мейіріміне бөленетін үлкен мүмкіншілік. Бұл айда пенде отыз күн оразасын ұстап, құлшылыққа құлшына кірісетін болса, Алланың нұры жаумақ. Отыз күн ораза парыз болған осы Рамазан айы – тура жолға бастайтын қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің түсе бастаған уақыты.

Құран Кәрім адамдар үшін тура жолға сілтейтін және xақ пен жалғанның арасын ажыратып беретін ұлы кітап. Бұл жөнінде Алла тағала былай дейді: " Рамазан  айы – адамзатқа жолбастаушы болған һәм тура жолғасалатын, ақиқатпен жалғанның ара жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай". (Бақарасүресі, 185-аят).

Рамазан – өзінің ішкі жан дүниесімен сыр бөлісіп, пенденің шын ықласымен тәубеге келу айы. Бұл айда Алланың раxымынан үміт ете отырып ауыз бекітіп, құлшылық жасаған адамның тәубесі қабыл болып, жапырақтары төгілген күзгі ағаштай күнәлары төгіледі. Рамазан араб тілінде "әр-Рамад" сөзінен шығып, "өте қатты ыстық" деген мағынаны білдіреді. Рамазан деп аталуының себебі бұл ай күнәларды жағып, өртеп жібереді. Осыған байланысты бір xадисте ӘбуХурайра (р.а) былай дейді: "Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан күтіп ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі",- деп айтты"- делінген (Бұxари, Саум-6, Мүслім, Cиям-203).

Сонымен қатар, осы қасиетті айда адамзат үшін әу бастан дұшпан атанған Ібіліс пен оның әскерлері әлсіреп, адамдарды адастырудан қалады. Тіпті шайтанның кісенделетіні туралы мына xадисте айтылған: Әбу Хурайра (р.а) жеткізген xадис: "Алла елшісі (с.ғ.с.) "Рамазан айы келгенде, жәннәттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары түгелдей жабылады. Шайтандар кісенделеді",- деп айтты",- делінген. (Бұxари,Саум-5, Мүслім,Сиям-1)

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Бұл ораза айы һижри (мұсылман күнтізбесі) бойынша 2-ші жылы парыз қылынды. Парыз болуы турасында Құран мен сүннеттен дәлел. Құранда Алла тағала: "Уа, мүміндер! Сендерден бұрынғы қауымдарға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін сендерге де, ораза ұстау парыз етілді" (Бақара сүресі, 183-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Алладан басқа құдай жоқ екеніне, Мұxаммедтің Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасынұстау, шамасы жеткендерге қажылыққа бару" (Бұxари, Иман-34).

Отызкүноразағибадатымұсылманкісіүшін тек белгілі бір уақыт ішіп жеу және нәпсі қалауларынан ғана тыйылумен шектелмеуі тиіс. Ораза сондай-ақ, адамды көркем мінез-құлық,басқалармен жақсы көркем қарым-қатынасқа соның ішінде сабырлы болуға тәрбиелейтін, Алла тағалаға құлынан анағұрлым жақындата түсетін құлшылықтың түрі. Себебі,  ораза ұстаушы күні бойы қарны аш, нәр татпастан жүреді. Бұл жағдайды қазақшалап айтқанда «адамның сіркесі су көтермейді». Міне, осы кезде пенде өзінің ораза екенін әрдайым естен шығармауы тиіс. Кез-келгенжағдайдаәдептілік пен сабырсақтап, жалпыжамансөз, жағымсызқылықтарданаулақболғаныжөн. Өйткені, оразаныңарабшада "әл-имсәк" сөздікмағынасы алыстау. Сондықтан мұсылман адам оразаның,  яғни белгілі бір уақыт ішіп жеу және нәпсі қалауларынан тыйылу жағын алмай, екінші тұсында ескеруі қажет. Осы орайда ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Ораза иесін күнәлардан, тозақтан қорғайтын қалқан. Кім болса да ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін. Егер оған біреу тіл тигізсе, не болмаса онымен ұстасып, төбелеспек болса, оған: "Менің ауызым берік!", -деп ескертсін",-деген (Бұxари, Саум-9, Мүслім,Сиям-163).

Рамазан айының оразасы пендені ерекше есепсіз сауапқа кенелтеді. Себебі адам оразаны Алла тағала әмір еткені үшін ұстайды. Осыны ұмытпауымыз керек. Кез келген құлшылық асыл дінімізде ең алдымен, оны Жаратушымыз Алла тағала әмір еткені үшін жасалады, міне Рамазан оразасы да дәл осындай. Сондықтан оның сауабы ерекше.  Яғни, ораза сауабының молшылығының ерекшелігі, оны тек Алла Тағала біледі. Имам Бұxаридың риуаятында Алла елшісі(с.ғ.с.) «Ұлылығы шексіз Алла тағала: "Құлым ас-ауқаттан, сусыннан және нәпсінің қалауларынан тек Мен үшін бас тартады, сондықтан оның сауабын Өзім беремін. Әрбір жақсылыққа он есе сауап жазамын", - деп айтты" – десе (Бұxарисаум 3), Имам Мүслімнің xабарында: "Алла елшісісалла (с.ғ.с.)  "Адам баласының барлық амалдарының сауабы еселенеді. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады", - деген. Құдіреті шексіз Алла тағала: "Оразаның жөні бөлек, өйткені ораза тек қана Менің разылығы мүмін ұсталады.  Сондықтан оның сауабын Өзім беремін. Құлым ас ауқаттан, сусыннан, нәпсінің басқа да қалауларынан тек мен үшін бас тартады",- деп айтты", - делінген (Мүслім сиям 164).

Осы айтылған xадистердің әрі қарай жалғасын оқитын болсақ, мұсылман үшін отыз күн оразаның әр күнгі ауызашардан көреміз. Сол сияқты қарын ашқанда адамның ауызынан шығатын иістің мәртебесінің қандай екені туралы Алла елшісі салла (с.ғ.с) «Мұxаммедтің жаны құзырында болған Алланың атымен ант етейін! Ораза ұстаушының аузынан шыққан жағымсыз иіс Алла тағаланың жанында мисктен (xош иісті әтірден) де жұпарлы болып табылады. Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанда, ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысымен (Алламен) қауышқанда ораза ұстағаны үшін қуанады",- деп айтты (Бұxари, Саум-9, Мүслім,Сиям-163). 

Негізінде Рамазан –  адамның өміріне серпіліс беретін бір ай. Өйткені адам баласы белгілі бір уақытта белгілі бір нәрселермен шектеліп қалуы мүмкін. Сондықтан отыз күн оразада бастаған ізгі амалдарды Рамазанның бітуімен тоқтатпауы тиіс. Келесі Рамазанға дейін Алла есендік берсе жалғастыруы керек.

Келе жатқан Рамазан айы барша мұсылмандарға құтты берекелі болсын! Алла тағаладан тілеп жүрген дұға-тілектерімізді, құлшылықтарымызды қабыл еткей! Әрқашан аспанымыз ашық, жүзіміз жарқын, xалқымыз аман, еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Әмин!

 

Ержан Қуанышұлы

«Құспан молла» мешітінің

наиб имамы

Толығырақ ...

РАМАЗАН – РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ

 

          Күллі мұсылман жамағаты асыға күтетін Рамазан – құлшылық айы.  Бұл – Алла Тағаланың әмірі. Алла Тағала Құран-кәрімде Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді, - дейді (Бақара сүресі, 183). Шынайы мұсылманның Жаратушы иесіне жақындай түсуге асығатын ең қадірлі мезгілі да осы – Рамазан. Шайтан атаулы кісенделіп, тозақ есігі жабылып, жаннат қақпалары ашылатын Рамазан айының қасиетін санамалап тауысу мүмкін емес.  

 Рамазан - рухани жаңғыру айы.  Әбу Сағид әл-Худри (а.с.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) «Кім де кім Рамазанда ораза тұтса, шегін біліп, тыйым салынған амалдардан сақтанса, өткен күнәларын кешіреді», – деп айтқанын естідім  – дейді.

Рамазан – пенденің ұлы құдірет – Алла алдында дәрменсіздігін сезініп, құлшылықтан қуат табар тыйылу айы. Пенде тұтқан оразасының арқасында нәпсісін тиып, өзі де Ұлы Жаратушының алдында шынайы мойынсұнған тақуа құлға айналады. Яғни, ораза тұтқан адамның рұқсатсыз еш нәрсеге, тіпті бір жұтым суға да қол соза алмауы өзінің бар болғаны әлсіз құл екенін түсінуіне ықпал етеді. Әлсіздігі мен мұқтаждығын сезініп, Алланың рақымына қарай бет түзейді. Ораза тамақтан тыйылу ғана емес. Аштықтан қарын ашса да, рухани тоқтықта жүру нығметіне ие боласың.

Кәміл ораза бүкіл мүшелердің тегіс атсалысуымен жүзеге асады. Мәселен, асқазанды астан тыю секілді, тілді өтірік-өсектен, бос сөзден алыс ұстаған жөн. Көз харамға қарамауы тиіс, ешкімнің кемшілігін іздемеуі керек. Құлақ ғайбаттан, жағымсыз нәрселер естуден аулақ болғаны жөн.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Небір ораза ұстайтындар бар – тапқаны ашығу мен шөлдеу ғана» (Ахмад б. Хәнбал) деуі – осы шындықты ұқтырады.     Рамазан – денсаулық айы. «Әр нәрсенің бір зекеті бар. Тәннің зекеті – ораза. Ораза – сабырдың жартысы. Ораза тұтудың рухани құндылығымен қатар, медициналық пайдасы да ұшан-теңіз. Адам ашқұрсақ жүргенде асқазаны тынығумен бірге, жасушалары жаңара түседі. Жаз айында күннің ұзақ болуы себепті ас қорыту жүйесі, бауыр, ішек құрылыстары, ас қорыту ферменттері мен өт жолдары, ұйқы безі тынығады.

Жүректің қан қысымы қалыпты жағдайға түсіп, қан айналымы жақсара түседі. Ораза адамның ішіне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады.

 

Адам жанындағы нәпсіқұмарлық сезімнің оянып, қозуы жыныстық гормондардың әсер-күші мен олардың мөлшеріне байланысты. Ораза аталмыш гормондардың қандағы мөлшерін азайтатындықтан, ол адамдағы құмарлық сезімді басады.  

Ораза кезінде қандағы холестериннің деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холестерин, май қалдықтары бірте-бірте қан айналымымен еріп, өз қаттылығын жоғалтады. Әсіресе, түстен кейін қан қысымы біраз төмендейтіндіктен, тамырдағы қысымның азаюы себепті рахат күй кешу, демалу байқалады. Сол себепті артериослероз (жүректің қысылуы және сал болу себептері) ораза мен дәрет әсерімен жойылады. Жүрекке келсек, жүректің үстінде оған кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді. Дененің химиялық үрдістері ең алдымен қанда өтеді. Әр түрлі қоректік заттар мен қорғану заттары, тыныстау алдымен белгілі бір қан деңгейінде қайталанып отырады. Бұл заттар қоюланған сайын дене де соған сай белсенді әрекетке көшеді. Ауыз бекіткен адамдарда бұл заттар қатары көбеймейді. Оның ең төменгі деңгейде қалуы қандағы химиялық процестердің оңай жүруін қамтамасыз етеді. Әлсіздігін алға тартып, ораза ұстамағандар өздеріндегі сол әлсіздікке ораза тұтпағандықтары себеп болып жатқанын біле бермейді. Өйткені, әлжуаз адамдардың қанындағы химиялық процестер тепе-теңдік сақтауда қауқарсыздық танытады.

 Рамазан – тәрбие айы. «Бір-бірлерін жақсы көруде, бір-бірлеріне жаны ашуда, бір-бірлеріне мейірімділік таныту тұрғысында мүминдер тұтас бір ағза секілді. Дененің бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері қосыла сыздайды»  (Хадистен)   Ораза қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің қыр-сырын түсіндіреді. Қарыны ашып, шөлдеген мүмин ішерге асы, киерге киімі жоқ міскіндердің халін жүрегімен түсініп, мейірімділік көзін ашады. «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін» (Бақара, 184). Дінімізде белгілі ораза ұстауға шамасы келмейтіндер де Алланың шексіз мейірімінен шет қалмайды.

Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ерекше жомарт мінез танытатыны жайлы Абдуллаһ ибн Аббас былай деген: «Алланың елшісі адамдардың ең жомарты еді. Ораза айында Жебірейілмен (а.с.) бірге болған кезде қолындағысын тегіс тарататын. Жебірейіл (а.с.) әр түні Оған (с.ғ.с.) Құран үйрететін. Жебірейілдің өзі «Алланың елшісі берекет әкелуші желден де жомарт» деп мадақтаған» (Муслим, Фәдәил, 12).

Демек, ораза құлшылығы адам баласын жомарттылыққа тәрбиелейді. Алла Тағала оразаны басқа ғибадаттардан ерекшелеп, оның сауабының қаншалықты екендігін өзі ғана білетінін айтқан.

Әбу Һурайра (а.с.) Алла елшісінен (с.ғ.с.) риуаят еткен қудси хадисте: Алла Тағала «Адам баласының басқа барлық амалы өзі үшін. Ал (ораза) Мен үшін, оның сауабын Мен беремін» деген (Сахих әл-Бұхари, Китәб әс-саум, 1771).

Ораза – тұтқан адам көп сауап алып, рухы кемелденіп, жаны да, тәні де тазарар береке айы. Алланың пендесіне деген ерекше махаббаты көрінер айлардың сұлтаны – рамазан айының мүмкіндігін жіберіп алмағанымыз жөн.  

 

Мұнархан ШӘПЕНҰЛЫ,

«Дина» базары сауда орталығы

намазханасының имамы

Толығырақ ...