Ауыз ашар дастарханы \ "Иманғали" орталық мешіті
- Бөлім: Бейнероликтер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінде заманауи үлгідегі асхана ашылды. Жамағаттар ауызашар кезінде ағаш үйде, кейде мешіт залында ашатын еді. Осыны көзімен көріп жүрген әрбір жан ауыз ашатын арнайы орын болғанын қалайтын. Көптің көкейінде жүрген арманы кәсіпкерлер жамағатымыздың қолдауымен Рамазан айы жүзеге асты. Жылыой халқының бұл қуанышына ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы қатысып, Бас мүфти хазреттің құттықтауын жеткізді.
Шам намазына келген жамағат алдымен мешітте шам намазын оқып, артынша Жылыой аудан әкімі М. Ізбасов пен өкіл имам Батыржан Берденұлы жаңа асхана ғимаратының тұсауын кесіп, жиналған көпшілікті ішке қарай бастады.
Жиылған жамағатқа дастархан жайылып, ауызашар берілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Ораза тұтқан адамның аузын аштырған ораза ұстағанның сауабын алады, әрі бұл ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген. Демек, бұл айда Алла разылығы үшін мұсылман бауырларының ауызын аштырамын деушілерге асхананың есігі ашық.
Мешіт салудың сауапты амал екендігін айтқан өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы мінәжат ордасының құрылыс жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, Алланың рахметін тіледі. Және игі іске ең әуелгі ұйытқы бола білген Сәлімжан қажының еңбегін ерекше атап өтті.
Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық ағайын!
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой орталық мұсылмандар
мешіті
Бүгін, 29 мамыр «Иманғали» орталық мешітінде мектеп балаларына арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Курстың ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы балалардың алғаш дін жолына басқан қадамдарына сәттілік тілеп, жазғы каникул уақытын тиімді пайдалануда сауат ашу курсының маңызы зор екенін айтты.
- «Жасыңда білім алсаң, өскенде қайырын көрерсің». Бұл – дана халық мұрасынан жеткен ұлағатты сөз. Ол ата дініміз – Ислам шариғатынан бастауын алады. Құранның алғашқы аяттары «Оқы!» деп басталады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренгендерің, оны өзгеге үйреткендерің», – деп білімнің құнды дүние екенін атап көрсетті. Олай болса, білім алуда ерінбей, жалықпай, көп оқыңыздар», – деді өкіл имам сауат ашу курс шәкірттеріне.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына (ұл, қыздар тобы) арналған жазғы сауат ашу курсында мешіт ұстаздары сабақ береді. Екі мезгіл (түске дейін, түстен кейін) жұмыс жасайтын курстың ұлдар тобына 37, қыздар тобына 30-ға жуық бала қабылданды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Қасиетті Рамазан айында ауызашар ұйымдастыру – «Иманғали» орталық мешітінде жыл сайын атқарылып келе жатқан игі шаралардың бірі. Ақиқатында, Алла Тағала құзырында ең қайырлы амал болып табылатын биылғы бірінші ауызашар дастарханы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан жайылды.
Айта кету керек, ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен осы жылы ауызашар дастарханы үшін Алла үйінің ауласында 4 киіз үй құрылып, жамағатқа қызмет көрсетуде.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі