Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфтидің жаназа туралы еңбегі насихатталды

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Жаназа және жерлеу рәсімдері  туралы» еңбегі насихатталып, жамағатқа таныстырылды.

Кейбір аймақтық ерекшеліктер ескерілген оқулықтан жамағаттар біраз мағлұматтар алды.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

 бойынша баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Ауызашар беру – сауапты іс

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде қасиетті Рамазан айы басталысымен ауызашар беру ісі  жамағат тарапынан қолдау тауып, жылдағыдай өз жалғасын табуда.

Биылғы Рамазан айында ауызашар жасаймын деушілердің қатары күн санап көбейіп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл да мешітіміздің уағыз-насихатының ықпалы деп есептейміз.

Алла Тағала қайырымқол бауырларымыздың көбейіп, ұрпақтарына нәсіп етуін бұйырсын. Баршаңызға екі дүниенің жақсылығы мен жеңілдігін тілейміз! Әмин!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...