«Дина» сауда орталығы басшылығы «Алғыс хатпен» марапатталды
- Бөлім: Жаңалықтар
Қаладағы «Дина» базары намазханасының имамы Мұнархан Шапенұлы қасиетті Рамазан айына орай базар сауда орталығының басшылығына алғыс сезімін білдіру мақсатында арнайы құттықтау жолдады.
«Дина» сауда орталығы намазханасының ашылып, жамағатқа қызмет етуіне бірден-бір ықпал етіп отырған қайырымқол жан – елімізге танымал ел жанашыры Төкен Танаұлы екені белгілі. Осы орайда намазхананың имамы Мұнархан Шапенұлы Төкен Танаұлын Рамазан айымен құттықтап, «Алғыс хат» табыс етті.
«Алғыс хатты» табыстау барысында М.Шапенұлы Т.Танаұлына дін Ислам жолында жасап жүрген игі қайырымдылығы үшін алғысын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
