Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешітінде спортшылар қауымы ауызашарда қонақта

11-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті ауласында ауызашар дастарханы үшін арнайы құрылған киіз үйлерде өңірлік спортшылар қауымы ауызашар берді. Ауызашар дастарханында Ақпараттық талдау орталығының маманы, теолог Мейіржан Құлсымақов Рамазан айының артықшылықтары   туралы уағыз айтып, қасиетті айдың ас-судан тыйылу ғана емес, құлшылық айы екенін жеткізді.

Дастархан соңында мешіттің ақсақал жамағаттары ораза тұтушыларға құрмет ретінде дастархан жайған спорт майталмандарына алғыс білдіріп, ақ бата берді.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...