Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Хадис тағылымы

«Алла тағала өзіне дұға жасаған барлық адамның тілегіне жауап береді. Оның дұғаларға жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі арқылы, яки, дұғасының сауабын ақыретке жинауы немесе жасаған дұғасының көлеміндей күнәсін кешіруімен болады". (Хадис шәриф)

Толығырақ ...

Құран аяты

«Жеті қабат аспан мен жер, сондай-ақ жаратылыс атаулы Алланы пәктейді. Оны мадақтап пәктемейтін еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тәсбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсындар. Шынында, Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы» ("Исра" сүресі, 44- аят)

Толығырақ ...

ШЫНАЙЫ ТӘУБЕ

Алланың жаратқан мақлұқтарының ішінде мүлде күнә жасамайтын жаратылыс иесі періште. Ал азғын, тәубесі қабыл болмайтын жаратылыс иесі шайтан. Адам баласы періште де емес, шайтан да емес, бірақ нәпсімен жаратылған. Нәпсі болғандықтан адам жақсы мен жаманды, күнә мен сауап амалды жасайтыны анық. Қателікке бой алдырмайтын, күнә жасамайтын пенде жоқ. Алайда жасаған күнәсі үшін тәубе етіп, Алладан кешірім сұрай білген адам жақсы адам болмақ. Яғни ардақты Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: 
Толығырақ ...

МЕККЕ МЕН МӘДИНА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ...

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

  

Тікелей рейстің тиімділігі

Алла бұйырса, санаулы күндерден кейін 2500 отандасымыз қасиетті қажылық сапарына аттанады. Жерлестеріміз осы жылы да Астана, Алматы және Шымкент шаһарынан тікелей рейспен Мекке мен Мәдина қалаларына ұшады. Биылғы жылдың басты жаңалығы – Қазақстан қажыларының отандық «SKAT» әуекомпаниясымен тасымалдануы.

Толығырақ ...

Жұма уағызы: Дұға – ғибадаттың мәйегі

«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу