Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жабырқау көңілдерге жан жылуы

Республикалык деңгейде өтіп жатырған "Мектепке жол" акциясына 24 тамыз күні Атырау қаласындағы «Қ.Мұңайтпасов» мешіті де атсалысты. Аз қамтылған, көп балалы, жетім және жартылай жетім категорияларындағы жиырма балаға сабақ кұралдары жинағы салынған сөмкелер тарту етілді.                        
 "Мұсылмандар бір-біріне қамкор бола білуі тиіс" деген Қ.Мұңайтпасов атындағы  мешіттің бас имамы Нартай Сүндетов балаларға жана оқу жылында сәттілік тіледі. Құрбан айт қарсаңындағы  қайырлы іске ата-аналар алғыстарын білдірді.
Атырау қалалық "Қ.Мұңайтпасов" атындағы мешіттің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу