Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

300 отбасыға ет таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні орталық «Иманғали» мешітіне келген жамағат аулаға сыймай жатты. Түс ауа 300 мұқтаж отбасыға құрбан малының еті таратылды. «Өздеріңізге белгілі, қазір мешіт аумағында мал сойылмайды. Ал, таратылып жатқан етті құрбан шалған ағайындар өздері әкелуде. Қазір мешіт тізімінде көмекке зәру 300 отбасы тұр. Құрбан айт құрметіне орай, әр отбасыға 5кг ет таратылуда» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров. Айта кету керек, ұлық мереке үш күнге созылады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Қасиетті Құрбан айтты Атырау жұртшылығы ерекше жағдайда атап өтті

 Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырауда таңғы сағат 7.30-да айт намазын оқудан басталды. Мешітке жиналған жамағат саны жылдағыдан да көп болды.

Айт намазынан соң, ерлер жамағаты арасында кір тасын көтеру, қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Әрбір сайыстың жеңімпаз қатысушыларына қой малы сыйға тартылды. Атап айтсақ, кір тасын көтеруден 47 қатысушы арасынан жеңімпаз атанған Аңдомасов, ал қалған екі орынды Бектемісов пен Мұхамбетов өзара бөлісіп алды. Қол күресте бағы жанған қатысушылар Абуталиев, Гусейнов және Сатыбалдиев. Әр қазақтың деребесін қоздырып, көрерменнің үлкен қызығушылығына ие болған "Түйе балуандар" сайысына 16-балуан қатысты. 16 балуанның арасындағы қызу тартыста жауырыны жерге тимеген Шакиев Роллан 1-ші орын, ал Быгенов Дулат пен Күзембаев Кенжебек 2-3 орындарды иеленді.

Балалар үшін батуттар, ойын алаңдары құрылды. Шын мәнінде жалпыхалықтық сипатқа ие болған мереке үш күнге созылады.

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу