Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешітінде «Рахманның қонақтары» кеші өтті

«Рахманның қонақтары». Осындай атаумен «Иманғали» орталық мешітінде Əйелдер-қыздар секторының кызметкері Бибінұр Қармысқызының ұйымдастыруымен рухани кеш болып өтті.

Кеш барысында жақында ғана қасиетті Меккеден оралып, мұсылман атаулының бес парызының бірі – қажылық парызын өтеп келген ақ жаулықты аналар ұлықталды. Басты меймандар қажылық сапардың кереметі, адамның болмысына рухани, эстетикалық тұрғыдағы әсері, негізгі ерекшеліктер туралы әңгімелеп, əйел жамағаты тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Мешіт жамағаттары интеллектуалды ойында бақ сынасты

Қазақтың өткенін, тарихын, дін мен ділді насихаттау мақсатында «Иманғали» орталық мешітінде «Білімді топ» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Мешіт жамағаттарынан құралған барлығы төрт топ арасында өткен ойында негізінде дін мен дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды. Бірінші орынды «Фирдаус» тобы алып, 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықты иеленді. «Жастар» және «Иман жастары» топтары екінші және үшінші орынды бөлісті. «Сауап» тобы ынталандыру сыйлығына лайық деп танылды.  

Қатысушы топтардың барлығына қаржылай сыйақы ұсынылған аталмыш ойынды Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы мен «Жәрдем» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...

Ақпараттық топ жамағат сауалдарына жауап берді

Кеше Атырауға келген республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері орталық «Иманғали» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесті. Кездесу барысында негізінен мектеп формасы тақырыбы талқыға түсті.

Жамағат тарапынан түскен түрлі сауалдарға Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни басқарма басшысы Бауыржан Есмахан,Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров және мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

«Берсең, балаға бер!»

«Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаровтың ұйымдастыруымен «Берсең, балаға бер!» тақырыбы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Осыған орай, мешіт қызметкерлері Атырау облыстық туберкулез ауруханасының басшысы С.Табылдыұлымен кездесіп, аталмыш ауруханада ем алып жатқан бүлдіршіндерге арнап 15 қорап балалар жөргегін, жиырма балаға ойыншықтар мен бір дана су диспенсерін тарту етті.

Сондай-ақ, Атырау қаласында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп директоры Б.Имашевамен кездесіп жағдайы төмен отбасы балаларына оқу құралдары мен киім-кешек алып берді.

Қайырымдылық іс-шараның мақсаты - тағдыр тәлкегіне душар болған балалардың өмірге деген құлшынысын арттыру болып табылады.

Толығырақ ...

Мүфтияттың уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров атыраулық имамдармен кездесті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаровтың Атырауға үш күндік жұмыс сапары басталды.

Сапар аясында мүфтият өкілі Ершат Оңғаров қала және ауданда қызмет атқарып жүрген  мешіт имамдарымен кездесті. Орталық «Иманғали» мешітінде өткен кездесу барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жүктеп отырған негізгі міндеттер, жамағатпен жұмыс, алдағы мақсаттар туралы сөз болды.

Мүфтият өкіліне қайырлы сапар тілеген ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров асыл дінімізді насихаттауда мешіттердің ширата жұмыс атқаратындарын жеткізді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Басшыға бағыну – Жаратқанның әмірі

Атырау өлкесіне сапары барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров Жылыой ауданында да болды. «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің жамағатымен бірге жұма намазын оқыған Ершат Оңғаров, құлшылық рәсімінен соң «Басшыға бағыну – Жаратқанның әмірі» және «Дұға мұсылманның қаруы» тақырыптарында уағыз айтты.

Алла Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер! Аллаға бойұсыныңдар және Елшіге, сондай-ақ, араларыңдағы билік иесіне бойұсыныңдар» деген. Ислам тарихында ең алғашқы бүлік (фитна) адамдардың мұсылман үкіметінің басшылығымен келіспеушіліктерінің  және оған қарсы шығуларының салдарынан болған еді. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім әмірге бағынса, маған бағынған болады, ал кім әмірге мойынұсынбаса, маған мойынұсынбаған болады» деген сөзі де бар» деп атап өтті Ершат Оңғаров.

Уағыз – насихат жұмыстарының соңы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға ұласты.

 

Жылыой орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу