«Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды
- Бөлім: Жаңалықтар
Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон елді- мекені «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды. Құрбан айт намазын «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы Ажок Сарсекеев жүргізді. Құрбан айт намазынан соң айт мерекесі басталып, барлық мұсылман қауым бір-бірін шын ниетімен құттықтасып, елге, халыққа амандық саулық тілесті. Намаздан соң жамағат мешіт ауласындағы жайылған айттық дастарханға шақырылды. Құрбан айт мерекесіне байланысты кір көтеру,арқан тартыс,қазақша күрес, қол күрестері өтті. Бас жүлделерге арнайы дипломдармен силықтар беріліп марапатталды. Қала ,ауыл бүлдіршіндеріне ботут құрылып, ойыншықтар, балмұздақ , сусындар таратылып жүздеріне күлкі сыйлап, балаларға арнап дәмді дастархан әзірленді. Айт күндері мейірім-шапағат, рақымшылық, достық сезімдерін тудыратын уақыт. Айт күндері адамдардың рухы шаттанады, күнделікті күйбең тіршіліктен жабырқау тартқан көңілдері жадырап, бір сергіп қалады.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
