Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам Батыржан Мансұровтың аудан мешіттеріне сапары басталды

Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров Махамбет ауданына қарасты Сарайшық мешітіне арнайы сапармен барды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еліміздегі мешіттерге жүктеп отырған міндеттерінің жүзеге асырылу барысын қадағалау мақсатында Сарайшық мешітінің жұмыс сапарымен танысқан өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы, ғибадат үйінің әкімшілігіне түрлі тапсырмалар берді. «Алла үйіне күніге жүздеген адамдар келіп кетеді. Демек, мешіт тазалығы бірінші кезекте болуы керек. Және де құлшылық жасауға келген жамағат арасында бірлік, ынтымаққа шақыратын тақырыптар уағыздалуы тиіс. Мешіт ислам дінін насихаттаушы және елді ынтымаққа ұйытушы басты фактор болып қала береді» деп атап өтті облыстың бас имамы Батыржан Мансұров.

Бас имамның аудандарға сапары жалғасатын болады. Ондағы мақсат мешіт үйлерінің жұмысын жаңа деңгейге көтеру, жергілікті жамағатпен пікірлесу. 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Тәртіпке бас иген құл болмайды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы

Жұмабаев Данияр

 

Құдіреті аса күшті, барша жаратылыс атаулының иесі болған Жаббар иемізге сансыз шүкірлер болсын, Алланың шүбәсіз елшісі болған Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымызға жаратушымыздың игілігі мен сәлем- салауаттары болсын!

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу