Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Имамдардың кеңейтілген мәжілісі өтуде

Бүгін орталық "Иманғали" мешітінде имамдардың кеңейтілген мәжілісі өтті. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансуровтың төрағалығымен өтіп жатқан жиынға аймақтың жеті ауданынан келген имамдар қатысуда. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан келген тапсырмалар талқыланды. Әсіресе жамағат арасындағы ауызбіршілік, ынтымақтастық туралы сөз болды. Діни басқарма тарапынан шыққан "Жаназа жəне жерлеу рəсімдері" атты кітап талқыланып, сол кітап негізінде жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, таралуына  жіті көңіл бөлу керектігі жөнінде тапсырмалар берілді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Өкіл имам облыс мешіттерінде ішкі тәртіпті күшейтуді тапсырды

Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығында мүфтияттың өкіл имамы Батыржан Мансұров аймаққа қарасты жеті ауданның имамдарымен кездесті.

Қызылқоға, Индер, Исатай, Құрманғазы, Мақат, Махамбет және Жылыой аудандарындағы мешіттердің ахуалы, ішкі жағдайлар сараланған жиында облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы  ғибадат үйіндегі ішкі тәртіпті қатаң сақтау мәселесіне назар аударды.

Бұған дейін бірқатар мешіттерде жамағат тарапынан имамға бағынбау, намаз ғибадатының шарттарын бұзу жағдайларының кездесіп, жағдайдың соңы әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша, іс қозғалуға дейін апарғаны белгілі. Осындай штаттан тыс оқиғалардың алдын алу үшін де, бас имам аудан мешіттерінде бірлік, тыныштық, бейбітшілік тақырыбында көбірек жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Асылында, ислам бейбітсүйгіш, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын дін. Демек, елдегі бірлікті, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау да исламның ұлы мұраттарының бірегейі болып табылады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу