Жиырма екі отбасына азық таратылды
- Бөлім: Жаңалықтар
Жақында ғана заман талабына сай қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген Атырау қаласындағы Құспан молла мешітінде қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.
Мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаровтың бастамасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған категориядағы жиырма екі отбасы мүшелеріне бір ай мөлшерінде пайдалануға жетерлік азық-түлік таратылды. Ырза болған халық мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп жатты.
Ізгі шараның соңында Құспан молла мешіті ғимаратында аталмыш ғибадат үйінің бас имамы Эммат Ғұмаров сауабы мол қайырымдылық тақырыбында уағыз айтты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.