Жамағаттың бірлігі – қоғамға үлгі
- Бөлім: Жаңалықтар
Жамағатпен бірге жүрудің артықшылығы неде? Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте өткен жамағатқа арналған отырыс кезінде осы мәселе талқыланды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиевтың айтуынша, жамағатпен бірлікте болу – шариғаттың негізгі шарттарының бірі.
«Алла Тағала адамзат баласына «Бөлінбеңдер!» деп, бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз «Қазіргі заман — өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы» деген. Демек, Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы — болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек. Қашанда алдына айқын мақсат қоя білген елдің шығар шыңы биік болады. Елдің бірлігі жамағаттың татулығынан басталады. Ынтымағы жарасқан жамағат – қоғамға үлгі» деп атап өтті ұстаз Ақылбек Құрманғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.