Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАЛА НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?

Неге баламыз бізге өтірік айтады? Телефонға қоңырау шалынған кезде: «Телефонды алып, мені жоқ деп айта салшы» деген жағдай кез келген адамға таныс жайт. Осыны көріп тұрған бала өтірік айтуды қалыпты жағдай деп қабылдайтын болады. Үш жасар баламызға «кәмпитті кім жеді?» деп сұрақ қойсақ, иығын қиқаңдатып «мен емес» дейді.

Толығырақ ...

ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ

Мұхаммед пайғамбар ﷺ пайғамбарлық міндетін алғаш бастаған кезде-ақ меккеліктердің тарапынан көптеген қарсылықтарға жолығады. Мүшріктер бір ғана Құдайға құлышылық етуі қабылдай алмаған еді. Сонымен қатар олар Мұхаммедті ﷺ Алланың елшісі деп мойындаудан түбегейлі бас тартады. Осылайша олар әз елшіге ﷺ, оның соңынан ергендерге сөзбен болсын, іспен болсын, қолдарынан келгенше қастық қылып бағады.   

Толығырақ ...

ЗИНА – ҮЛКЕН КҮНӘ

Әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға сан-санақсыз мақтаулар болсын. Біздерге Ислам дінін дін етіп жібергені үшін шүкір етеміз. Оның Ақырғы Елшісі Мұхаммед Мұстафаға (ﷺ) қиямет-қайымға дейін салауат-сәлем жолдаймыз.

Толығырақ ...

Шәкәрім ілімі (Мінездегі аурулардан құтылу)

Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. 
Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. 

 

Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). 
Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. 

Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. 

 

“Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. (Имам Шәфиғи) Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады.

 

Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де.  
Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. 
Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер.  

 

Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма.
Кезінде “керең Хатим” деген ғұлама өмір сүрген екен. Бір күні оған бір кісі келіп, бір мəселе жайлы жауап сұрайды. Сол-ақ екен əлгі кісі байқаусызда жел шығарып қояды. Сол кезде Хатим естімегенсіп: Даусыңды жоғары көтеріп сөйлеші, дейді. Келген кісіге өзін керең секілді сездіртеді. Осылайша, басқалардың қателігінен құлағын тыйған ол – “Хатим керең” деген атпен тарихта қалған екен.  
Көздер ұмытпасын десең, əдемі киін. Көңілдер ұмытпасын десең, көркем мінезді бол. 
Адамдардың біразы өміріңді сенен бірнəрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен. 


Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен алыс өлгенше! 
Толығырақ ...

Атырау: "РАҚЫМДЫ ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.)" АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар» мәдениет үйінде "Рақымды Пайғамбар (с.ғ.с.)" атты рухани мәуліт кеші өтті. Әуелгі сөз Алланың кәламымен басталған рухани кеште ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров жиналған бұқара халықты мүбәрак мәуліт айымен арнайы құттықтады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу