Әжелер мектебінің төрайымы «Бізбен бірге» бағдарламасына қатысты
- Бөлім: Жаңалықтар
«Қазақстан – Атырау» облыстық телеарнасының тікелей эфирде өтетін «Бізбен бірге» бағдарламасына ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ашылған Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нəсиқызы басты қонақ ретінде қатысты. «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбына арналған бағдарламада Жұмагүл Нəсиқызы халқымыздың отбасында қыз баланы тәрбиелеу мектебі мен бүгінгі заманауи шаңырақтағы қыз баланың орны, ролі, тәрбиесi туралы ой қозғады.
«Қыз бала қашанда ұлттың ұяты, халықтың шырайы болып келді. Қыз бала тәрбиесінде ислами қағидаттың алатын орны да ерекше. Имандылық, инабаттылық, парасаттылық сынды асыл қасиеттер бойына дарыған қазақ қыздарын халқымыз гүлге теңеп, қашан да төрден орын берген» деген Жұмагүл Нəсиқызы батыстық бағытқа еліктеп, ұлттық менталитет ұғымынан аттап кету сынды бүгінгі заманда орын алып жатқан келеңсіз жайттарды ұрпақтар сабақтастығының үзілуімен түсіндірді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.