Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой ауданының Бас имамы Арман Әділбекұлы телевизиялық бағдарлама қонағы болды

Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар»  орталық мешітінің Бас имамы Арман Әділбекұлы кеше «Иман нұры» телевизиялық бағдарламасының тікелей эфирінде қонақ болды.

«Қазақстан - Атырау» телеарнасында өткен бағдарламада студия қонағы Арман Әділбекұлы «Діни сауаттылық – ұлт сауаттылығының кепілі» тақырыбында сұхбат берді.

 «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) білім алу жайында былай дейді:  «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балықта, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді!» -деді. Адам баласы білім алған сайын, өзінің жәннатқа баратын жолын жеңілдетіп, дәрежесі осы дүниеде де және ақыреттеде жоғары болады екен» деп атап өтті студия қонағы Арман Әділбекұлы.

Аз уақыт ішінде телекөрермендер арасында танымалдылыққа ие болған бағдарлама барысында көрермендер Жылыой ауданының Бас имамы Арман Әділбекұлына тікелей эфирде сауалдар қойып, жауаптар алды.

 

«Жылыой мұсылмандар» орталық

  мешітінің баспасөз-қызметі.


 

 

 

 


 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу