Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жамағатқа тегін кітап таратылды

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Бас имам Ардақ Жұмабекұлының бастамасымен жастарға тегін кітап таратылды.

Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны жазылған құнды кітапты таратудағы басты мақсат – мешіт жамағатына екі дүниенің сардарының өмірін, өнегелі жолын кеңінен таныту, дәріптеу, сол арқылы жастарды игілікке, ізгілікке бастау.

Жалпы саны жиырма адамға таратылған кітап – дәстүрлі ислам дінін насихаттауда, халық ағарту саласында маңызды механизм ролін атқармақ.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Толығырақ ...

Салафизм - қазақ қоғамына жат ағым

"Уаһһабилік" - шамамен екі жарым ғасыр бұрын Араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. Бірақ олар өздерін "сәләфилік жолды ұстанышылармыз" деп санайды. «Сәләф» сөзінің мағынасы «әуелгі бабалар» дегенді білдіреді, дінімізде алғашқы мұсылмандарға берілген атау. Сәләфқа жататындар: сахабалар (Пайғамбардың (с.а.у.) көзін көргендер), табиғиндер (сахабаларды көрген) және әтбағу-табиғиндер (табиғиндерді көрген). Сондықтан, бүгінгі сәләфиттер мен алғашқы сәләфилерді бір-бірімен шатастырмаған жөн.

Сәләфиттер, яғни сәләфизм идеологиясын ұстанушылар, өздерін "мууаххидун" (бірлік жолындағылар) деп атаған. Ибн Таймияның (1263-1328 ж.) жолы мен ханбали мазһабын ұстанатындарын айтқанымен, ханбали мазһабына қайшы келетін тұстары жетерлік.

Сәләфиттер дінді ислам әлеміндегі түрлі халықтың этномәдени, тарихи және өзге де ерекшеліктеріне негізделген барлық «жат», «кірме» түсініктер мен тәжірибелерден тазарту жолында жойқын күрес жүргізуді өздеріне мақсат етіп қойған.Сәләфизм исламдағы барлық жаңалықтан бас тартуды, әуелгі догмаларға қайта оралып, оның қатаң түрде, дәлме-дәл орындалуын талап етеді. Дамудың кез-келген түріне жол бермеуге тырысады.

"Сәләфизм" Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Орта Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Сәләфилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады. Сондай-ақ дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиет, интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынатын еді. Бұлардың негізгі мақсаты - адам санасына сәләфиліктің базалық идеяларын сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды (кәпірлерге, адасқандарға қарсы жиһад, мемлекеттік құрылымды құлату т.б.) жатсынбайтындай ету болып табылады.

Жалпы бұлар Құран мен хадиспен жүреміз деп айтады. Сүйтіп алданып шейхтердің артынан еріп кеткенін аңғармай қалады. Жүректерінде “қасиетті” және “обал” ұғымдары қалмайды. IQ-і төмен нашар оқығандар мен жекпе-жек спортының өкілдері көптеп кіреді. Эстетикадан мақұрым жандар қатарларын толықтырады. Шейхтерін тыңдай-тыңдай Құраннан гөрі хадисті бірінші деңгейге шығарып алады. Осыдан кейін елімізде қауіп-қатерлер түйіні дайын болды деген сөз.  Біздің еліміз үшін бұндай жол дәстүрлі емес. Бұл жолда біздің ел прогрестен қол үзіп қалу жағдайына душар болатындығы айдан анық. 

Қазақстандықтар үшін қатаң догма мен діни радиклизм –жат құбылыс. Қазақ дәстүрінде әрбір адам өзінің шежіресін, кем дегенде жеті атасын білуі тиіс болса, сәләфиттер қазақтың бұндай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына (өлген адамға құран бағыштау, аруаққа тағзым ету, т.б.) үзілді-кесілді қарсы. Сәләфизм және сол іспеттес діни доктриналар Қазақстанның стратегиялық мүддесіне еш сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта сәләфиттердің қазақстандықтарды ғылым мен техниканың жетістіктерінен бас тартып, ескішіліктің көлеңкесінде қалып қоюын қалайтындығын ұмытуымыз әбестік.

Қазіргі кезде уаһһабилік немесе сәләфилік сенім Сауд Арабия Корольдігінің ресми ұстанған діни жолы болғандықтан, ең көп шоғырланған мекендері Араб түбегі мен парсы шығанағындағы елдер.Сонымен қатар бұл сенімді ұстанушылар Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Орта Азия мен Азия елдерінде кездеседі.

Қорыта келгенде, аталмыш ағым өкілдерінің ханафи, малики, шафиғи, ханбали мәзһабтарының ақидасы мен ұстанымдарына қайшы келетін тұстары жеткілікті. Олар мәзһаб ұстануды адасу деп айыптағанымен өздерінің де бір мәзһаб екендігін қабыл етпейді.

 

Олардың өзге мұсылмандарды өздері секілді сенуге, өмір сүруге, ғибадат етуге, бидғаттардан аулақ болуға шақыру барысында күш қолданып, қан төгуі - шариғатқа қайшы. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Мұсылманды балағаттау - пасықтық, қанын төгу - күпірілік".

Мейрамбек Қожахметов

 

"Исатай-Махамбет" мешітінің бас имамы 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу