Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Еріктілер екі отбасыға қолдау көрсетті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен құрылған "Иман жастары" еріктілер тобы ай сайын кемінде төрт отбасыға жәрдем беріп отыруды үрдіске айналдырған болатын.
Жақында "Иман жастары" тобының еріктілері Атырау қаласы бойынша мұқтаж жандар ретінде тіркеуге алынған екі шаңыраққа қолдау көрсетті. "Бұл жолы екінші топтағы мүгедек жанның және бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың шаңырағында болып, азық-түлік, бүлдіршіндерге қажетті киім-кешек тапсырдық" дейді жастар. Ондағы мақсат та түсінікті. Яғни, мұқтаж жандарға рухани, материалдық тұрғыда қолдау білдіру арқылы, жас буынға үлгі көрсету.
Асылында, Алла разылығы үшін әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жанға жақсылық жасауды өзінің борышы деп есептесе, нұр үстіне нұр. Бұл жөнінде Алла Тағала: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды» дейді.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу