Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сәресі мен ауызашардың әдептері

Оразаның әр күні сәресі ішуден басталады. Сәресі деп Рамазан айында ораза ұстау ниетімен таң атпастан бұрын тамақтануды айтады. Бүгінде ораза ұстаушылардың көпшілігі түнде тойып ішіп-жеп, сәресін ішпей, оразасын ары қарай жалғастыра беруді әдетіне айналдырған. Алайда, сәресінің сіз бен біз біле бермейтін пайдалары мен артықшылықтары ұшан-теңіз.

Толығырақ ...

Сахабадан жеткен сөз

Сахаба Әнас ибн Мәлік (р.а.): «Алланың Елшісі Рамазан келгенде (с.ғ.с.): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!», – деп айтқан.

Толығырақ ...

Хадис

Шағбан айының соңғы күнінде Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп айтқан: «Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті, ал түндерінде намаз оқуды ерікті қылды. Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай. Бұл ай – сабырлылық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Өзара жанашырлық айы. Бұл айда мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Кімде-кім осы айда ораза тұтқан бір жанға ауыз ашар жасаса, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді».

Толығырақ ...

Құран кәрім

Алла Тағала былай дейді: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді... Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын...» («Бақара» сүресі, 183,185-аяттар)

Толығырақ ...

РАМАЗАН – КЕШІРІМ ЖӘНЕ МОЛ МҮМКІНДІК АЙЫ

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу