Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тарауих намазы уағызбен жалғасып келеді

Қасиетті Рамазан айы кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров жамағатқа дәріс жүргізудің жаңаша форматын іске қосты.

Яғни, орталық "Иманғали" мешітінде күнделікті Құптан намазына, одан соң Тарауих намазына жиналған жамағатқа Тарауих намазының әр он екі рәкағатынан кейін сол күні оқылған Құран аяттарына Бас имам Батыржан Мансұров түсінік беріп, қысқа-нұсқа тәпсір ретінде уағыздауда.

Осындай тың форматтағы уағыз-дәріс кезінде өкіл имам аят тақырыптарына байланысты, Алла Тағаладан жеткен өсиетнамалардың мәні, маңызы, мұсылмандық парыз туралы кеңінен түсінік беруде.

 

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.



Толығырақ ...

Атырауда Құран - Хатым Екінті намазынан кейін де оқылуда

Қасиетті Рамазан айын Атырау облысына қарасты барлық мешіттер жоғары деңгейдегі дайындықпен қарсы алуда.

          Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Тарауих намазымен қоса, күндізгі Құран-Хатым Екінті намазынан кейін  де оқылуда.

          "Қазіргі таңда екі қари арнайы шақыртылды. Қарилар Нұрсұлтан Сәуірбаев пен Мұхаммедсалих Мирзаев Құран оқып, жамағатқа үлгі көрсетуде" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

          Айта кетелік, маусымның 11-нен 12-не қараған түні қасиетті Қадыр түні. Пітір садақа мөлшері - 300 теңге.

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу