Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бауыржан Әлиұлы «Иман жастарымен» кездесті

 Атырау өңіріне сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімінің діни кеңесшісі, Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобымен кездесті.

Кездесу кезінде мәртебелі мейман отбасын құру, шаңырақты сақтаудағы ер мен әйелдің жауапкершілігі туралы кеңінен ой қозғады. Уағыз барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі туралы көптеген мысалдар келтірген ұстаз Бауыржан Әлиұлы шаңырақ құрып, ұрпақ өсіру Алла Елшісінің сүннеті екендігіне ерекше тоқталды.

Қазақта «отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Отан отбасынан басталады десек, жанұядағы тәрбие қоғамның дамуына тікелей әсер етеді» деп атап өтті ұстаз. Еркін форматта өткен сұхбат барысында жастар түрлі сауалдарына жауап алды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

РАНТ мүшесі Атырауда

 Бүгін 04.05.2018 күні Атырау қаласына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "шариғат және фәтуә бөлімі" қызметкері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесінің мүшесі "Нұр-Мүбәрак"Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы мырза ресми іс-сапармен келді. Сапар аясында Бауыржан Әлиұлы "Иманғали" орталық мешітінде "Мешіт әдептері" тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

              Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Атырауда Мутауаллият қызметі бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз  мүфтиятқа қарасты  барлық  деңгейдегі мешіттерде Мутауаллият қызметінің стандартын бекітуді тапсырған еді.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы өкілдігі бойынша аталмыш қызметке орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ғазизов Мұрат Сағадатұлы тағайындалды.

Айта кетелік, аталған лауазым иесінің функционалдық міндеті - облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл деңгейіндегі мешіттердің   қызметін, ішкі жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу