Өкіл имам Рамазан айының кереметі туралы айтты
- Бөлім: Жаңалықтар
Асыл дінімізді сахнада дәріптеп жүрген «Өнер қырандары» театры Атырауға кезекті гастрольдік сапармен келген болатын.
Театрдың кезекті қойылымына Атырау облысының Бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан қажы Мансұров арнайы қатысып, қасиетті Рамазан айы туралы уағыз айтты. «Айлардың сұлтаны болған Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген сыйы, әрі нығметі. Себебі, Рамазан күнәдан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Алланың разылығын алуға мүмкіндік береді. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен хадистердің бірінде «Кімде кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын бір ғана Алладан күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі» деген. Ендеше, Рамазандағы әр күнімізді дұғада, сауапта амалдармен өткеруге асығалық» деді ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.
