Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚМДБ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысы өтті.

Мəжіліске ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, бөлім меңгерушілері қатысты.

Басқосуда уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, өзекті сұрақтар төңірегінде пəтуалар шығару, университет пен медреселерге шəкірт даярлау, жастар жылы аясында игі іс-шаралар ұйымдастыру, халал стандарттау саласын дамыту, мешіт құжаттарын дер кезінде тиісті мекемелерге тіркеу, т.б. мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2019 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

"Осында отырған əрқайсымызды Діни басқарманың дамуына қалай үлес қоссам деген сауал толғандыруы тиіс. Діни салаға ыждаһаттылық пен ықылас қажет. Сонда ғана бұл сала өркендейді. Осынау жаңа ғимаратта жаңа бастамаларды белсенділікпен жүзеге асыруға шақырамын", - деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.

Толығырақ ...

АСТАНАДА ОНЫНШЫ МЕШІТ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласында "Ақ мешіт" мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.

Салтанатты рəсім қасиетті Құран аятымен ашылды. ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы сөзді Бас мүфтиге ұсынды.

"Мешіт – сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені. Мешіт – Алланың үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды. Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны осының айғағы. Бұл мешіт құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, қоғамдық келісім мен бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін. Жаңа мешіт, сонымен қатар салт-дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы, діни һәм ғылыми жаңалықтардың әрі қайырымдылықтың орталығы болады. Расында, өмірдің тіршіліксіз, ал тіршіліктің құлшылықсыз құны жоқ. Ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастырып, ғұмыр кешуге үндейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде: «Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді», – деген. Тағы бір хадисте айтылғандай, «мешіт салған адам үшін Алла Тағала жәннатта сарай тұрғызады». Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс! Осы ретте мешітті салған азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін", - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Осыдан кейін Бас мүфти жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.

Айта кетейік, "Ақ мешітте" бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында медресе салынған.

Бас мүфти бұйрығымен белгілі дін қызметкері Дәурен Мүслімов "Ақ мешіттің" Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ МЕШІТТЕГІ CALL ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қос бірдей қуанышты оқиға орын алды. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өзі келіп қатысқан Call Орталықтың іске қосылуы – Елорда жұртшылығы үшін ғана емес, еліміздің барлық тұрғындары үшін сүйінші жайт болғаны сөзсіз. Енді еліміздің кез келген тұрғыны өзін толғандырған діни мәселелер бойынша 33-30-30 нөміріне қоңырау шалып, толыққанды жауап ала алатын болады. Халық сұранысына орай, жауапты мамандар қазақ және орыс тілдерінде сұхбат жүргізетін болмақ.

Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылып отырған Call Орталықтың тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасауы үшін Елорда мешітттерінің 60 діни қызметкері жұмылдырылған. Білікті мамандардан жасақталған топ арнайы кесте бойы кезекшіліктерін атқарып, тәуліктің кез келген уақытында келіп түскен қоңырауға жауап беріп отырады.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Астана қаласындағы 10 мешітте «Діни ақпарат беру орталығы» да келушілерге өз есігін айқара ашып отыр. Халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында іске қосылған бұл жоба түрлі түйткілді тақырыптар бойынша (неке, талақ, несие, мұрагерлік, т.б.) кеңес сұраған жандармен көзбе-көз кездесіп, сырт көздерден тыс сұхбаттасуға қолайлы болу үшін қосылып отыр.

Игі жобаның алдағы уақытта халық арасында кеңінен танылып, жемісті еңбек атқара беруіне тілектестігін білдірген Бас мүфти қос Орталыққа арнайы бас сұғып, жұмыс жайымен де танысып шықты. Тіпті, Call Орталыққа қоңырау соғып, кезекші маманның әзірлігін де пысықтап өтті.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ САДАҚА ТЕРМИНАЛЫ АРҚЫЛЫ АЛҒАШ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРАЖАТЫН АУДАРДЫ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі игі бастамалардың жалғасы ретінде тағы бір оқиға орын алды. Қаржылық ашықтықты қолдау мақсатында бүгін Астана қаласындағы 10 мешітке садақа терминалдары қойылған болатын.

Бас мешітте өткен «Діни ақпарат беру» және Call орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жаңадан қойылған садақа терминалдарын тексеріп, мешіт есепшотына қайырымдылық қаражатын аударып көрді.

Айта кетейік, аталмыш садақа терминалдары Астана қаласындағы барлық мешіттерге орнатылған.

Толығырақ ...