Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚМДБ: БИЫЛ 3 200 АДАМ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде (САК) 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты.

Кездесуге наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас сарапшысы Тимур Тілегенов қатысты.

Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі Қазақстан қажылары үшін 3 200 орын бөлді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен САК Қажылық және умра министрлігі екі жақты келісім құжатына қол қойды. Аталған құжатта биыл Қазақстан тарапынан 3 200 адам қажылығын өтей алатыны көрсетілген.    

Толығырақ ...

Хабиб Нурмагомедов Қарағандыдағы балалар үйінде болды

Кеше аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, белгілі ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Қарағанды қаласындағы Балалар үйін арнайы зиярат етіп, тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

«Бүгін, 27-қаңтарда ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов, құпия түрде ешқандай БАҚ өкілдерінсіз Қарағандыдағы балалар үйіне келді. Спортшы тәрбиеленушілерді жақсыға ұмтылуға, спортпен шұғылдануға және теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды», - деп жазылған «Қарағанды патриоттары» атты Instagram парақшасында.

«Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар», - деп ақыл берген Хабиб Нурмагомедов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Қарағандыда тұратын Александр есімді жас жігіт UFC чемпионынан жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз өмірі жайлы жазылған кітапты сыйға тартып, оларға спорттағы жетістігі туралы айтып беруді сұраған. Бұл өтініш хатқа жауап берген Нурмагомедов міндетті түрде Қазақстанға келетінін мәлім еткен болатын.

Толығырақ ...

ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС МЕН ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандарының бас ордасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Б.Есмаханның төрағалығымен Ұлттық сараптау орталығы мамандарының қатысуымен халал индустриясын дамытуға, лабораториялық жұмыстарды жандандыруға арналған алқалы мәжіліс болып өтті.

Ресми кездесуге  ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев, «Халал Даму» ЖШС-ң директоры А.Елжанов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры К.О.Балыкбаев, ҰСО экспертиза бойынша мамандары: У.Б.Аширбаев, Н.Р.Саламатов, ҰСО баспасөз хатшысы А.Сураганова қатысты.

Басқосуда мүфтият пен Ұлттық сараптама орталығының бірлескен жобаларын жүзеге асыру, өзара тәжірибе алмасу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халал өнімдерге лабораториялық  сараптама жүргізуді арттыру, осы салада Діни басқарма мен Орталықтың ортақ қызметін жандандыру, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды.

Талай жылдар бойы Алматы қаласында орналасқан «Treegene» молекулалық-генетикалық зертханасы мен «КазНИВИ» Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханасымен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келген «Халал Даму» ЖШС бүгін Астана қаласындағы негізгі орталық аппаратынан және 20 филиалдан құралатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұдан былай «Халал Даму» ЖШС-ң лабораториялық жұмыстары 14 облыстық және Алматы және Астана қалалары бойынша жүргізілетін болады. 

Толығырақ ...

Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы үй салынады – Елбасы

Жастар жылының ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды. 

«Біз Жастар жылын жайдан-жай жариялаған жоқпыз. Біз жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жастарды қолдауға арналаған қарапайым және  түсінікті құралдарын әзірлеуіміз керек. Бұл дегеніміз 4 нәрсе: қолжетімді сапалы білім, жұмыс пен баспананың болуы, отбасы құруға жағдайдың болуы. Осы төрт нәрсе өте маңызды, бұған жастар мен мемлекет назар аударуы тиіс. Сол себепті Үкіметке, Президент әкімшілігіне келесі шаралармен жұмыс істеуді тапсырамын», - деді Назарбаев.

Президент Қазақстанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынатынын айтты.

«Баспана мәселесінің өзектілігін есепке ала отырып, біз қанша салсақ та, үнемі жетпейді. Ірі қалалардың, 3 миллион қаламыздағы жас отбасылар үшін... Миллион қалалар көп болуы үшін, себебі басқа әлемдегі қалалар секілді онда ғылым, білім, мәдениет дамиды. Сарапшылар әлемнің 600 ірі қаласында әлемдік өнімдердің 60 пайызы өндірілетінін айтады. Алматы миллонер қала, енді Астана мен Шымкент қосылды. Кезекте тағы екі қала тұр және біз мұны жасаймыз. Осы үш қалада жұмыс істейтін жастар үшін жылына мыңнан кем емес пәтер салатын боламыз. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. «7-20-25» бағдарламасы да бұл мәселені шешуге бағытталған. Бағдарлама бойынша баспана алуға тек жұмыс істейтіндер үміткер бола алатынын естен шығармау керек. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту – әлемдік тәжірибе. Кеңес Одағында біз пәтерге  «байланып» қалатын едік. Ешқайда кете алмайсың, өйткені пәтер сенікі емес, мемлекеттікі, басқа жерде ешкім саған баспана бермейді. Солай болатын», - деді Елбасы Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Толығырақ ...

Елбасы: Жаңа буын – еңбегімнің ең үлкен жемісі

«Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтіп жатыр. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосып, сөз сөйледі.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті. 

«Жастар, сендер мен айтайын деген негізгі мәселенің барлығын әр салада көтеріп жатырсыңдар. 27 жыл тәуелсіздіктің ішінде көп нәрсе жасадық, көп жеңіске жеттік. Тәуелсіздік Қазақстанды орнатып, мемлекетті дүниежүзі картасына қойдық. Бұл ауқымда, бұл шекарада дәл осындай жағдайда Қазақстан еш уақытта болған жоқ. Бұрын дүниежүзі барлығын паш еткен, мойындаған, қадірлеген ел болғанымыз жоқ. Сондықтан, ата-бабымыз арманымызды орындап, біздің бүгінгі тәуелсіздігімізді орнатты», - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, саясатқа келген әрбір адамның, әсіресе ел басқарамын деген үміті бар азаматтардың халыққа жолдайтын ішкі ойы, жоспары болуы керек.

«Сол жоспарды іске асырып, нәтижесін көрген саясаткер бақытты. Істеп жатқан жұмыстың барлығын айта беруге болады. Елімізді құрдық, экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық, мәдениетін, денсаулығын, барлығын көтердік. Дүниежүзі таң қалатын Астананы салдық. Бірақ та, ішіндегі ең негізгі жетістік – сендерді, жаңа буын қазақстандықтарды тәрбиелеп шықтық. Жаңа буын - Қазақстанның ең үлкен жетістігі, менің Мемлекет басшысы ретіндегі еңбегімнің ең үлкен жемісі», - деді Елбасы.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Толығырақ ...

Елбасының қатысуымен Жастар жылы ашылды

Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды.

Іс-шараға жастардың барлық санаттағы өкілі: «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдаралмасының түлектері, жас ғалымдар, студент және жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, жаңа медиа саланың өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметшілер қатысып отыр. Олардың арасында әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Асылхан Төлепов және т.б. бар.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға.

Толығырақ ...