Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда орталық мешітте "Жусан" операциясымен оралғандармен кездесу өтті

 islam-atyrau.kz/20 желтоқсан, 2019 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі «Жусан» операциясымен елге қайтарылған әйел азаматтармен кездесу ұйымдастырды.

            Орталық «Иманғали» мешітінде өткен кездесуге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, сұхбат жүргізді.

       Басқосу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды. Сонымен қатар, жусандықтар қиын жағдайда қалған азаматтарына көмектесе алатын еліміздің, халқымыздың  дархандығына алғыс айтты.

«Кешегі күні бірлігі жарасқан еліміздің қадір-қасиетін түсінбей, тастап шықса да, мемлекетіміз оларға аяушылық танытып, ұрпақ өміріне алаңдаушылық білдірді. Бұл – мемлекетіміздің көрсетіп отырған үлкен қамқорлығы. Демек, кезінде адасып, бүгінде елге аман-есен оралып отырған азаматтарымыз шүкіршілік ете білуі керек. Және еліміздің дамуы, дініміздің өркендеуі үшін аянбай қызмет етуі қажет» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кездесуге қатысушыларды жан-жақты білім алуға шақырды.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ЕЛШІГЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

  islam-atyrau.kz/20 желтоқсан, 2019 жыл.   Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевке елшілік қызметкері Еламан Құлниязұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Еліміздің Египет Араб Республикасындағы елшілігінің белді қызметкері, асыл дініміз бен дәстүріміздің жанашыры Еламан Құлниязұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым.

Сіз басқарып отырған елшіліктің барша ұжымына, сонымен қатар марқұмның отбасы мен туыстарына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан көңіл айтамын. Дін қызметкерлері қайғылы оқиғаға байланысты дұға-тілектерін жолдауда.

Еламанның еліміздің игілігі жолында атқарған қызметі барша дипломаттар мен жастарға үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Алла Тағала қайғының артын қайырлы еткей. Оның отбасына, ағайын-жұртына Жаратқаннан көркем сабыр тілейміз. Иманды болсын» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Толығырақ ...

РАНТ 120 МЫҢ АДАМҒА АҚПАРАТ ЖЕТКІЗДІ (+ФОТО)

 islam-atyrau.kz/20 желтоқсан, 2019 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халық арасында сапалы, заман талабына сай уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу, халықтың руханиятын көтеру. 

Осы игі мақсаттарды жүзге асыру бағытында ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Атап айтқанда, ай сайын алдын ала бекітілген тақырыптарға сай күнделікті бесін намазының алдында 5-10 минут арасында Имам Науаидің «Хадистер жинағы» кітабынан дәрістер жүргізілді. Бір жыл көлемінде Қазақстандағы барлық мешітте бесін намазының алдында 300-ден астам хадис айтылып, жамағатқа түсіндірмесімен жеткізілді.

Ақшам намаздарынан кейін «Иман негіздері», «Ислам ғылымхалы», «ҚМДБ пәтуалары», «Адамзаттың асыл тәжі», «Дін және дәстүр», т.б. оқулықтар бойынша әр мешітте 300-ге жуық діни дәріс жүргізілді.

Жат ағыммен жұмыс үш бағыт бойынша жүзеге асты:

  • Жалпы кездесу;
  • Жеке кездесу;
  • Әлеуметтік желімен жұмыс;

Жалпы кездесулер қоғамды жат ағымның жетегіне еріп кетуден сақтандыру шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, бір жыл көлемінде орташа бір айда 3 100 жалпы кездесу ұйымдастырылып, оған 25 000 адам қатысты.

Жеке кездесулер бойынша бір жылда 2 500 кездесу өткізілді. Әлеуметтік желілер бойынша жыл басынан бері 2000-ға жуық мәлімет жарияланды.

2019 жылы бекітілген  құрамға сәйкес, еліміздің барлық аймағында 420 ЖАНТ (жергілікті ақпараттық насихат тобы) мүшесі қызмет жасайды. ЖАНТ күнделікті діни рәсімдермен қоса, бесін-ақшам намаздарында айтылатын уағыздан бөлек негізгі үш бағытта ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді:

1) жалпы мекемелер,

2) оқу-орындар,

3) қала-аудан мешіттері.

Жыл басынан бері жат ағымның алдын алуда, қоғамның рухани құндылықтарын арттыруда республика бойынша мемлекеттік мекемелерде, абақтыларда 440 кездесу өткізіп, оған 23 116 адам қатысты. Оқу орындарында 511 кездесу өткізіп, оған 29 651 адам қатысты. Өңірлерге қарасты қала, аудан, ауылдардағы мешіттерге арнайы сапармен барған ЖАНТ мүшелері мешіт жамағатымен 960 кездесу өткізіп, 71 182 адамға насихат айтты.

Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұровтың айтуынша, 2019 жылы бекітілген құрамға сәйкес, 42 РАНТ (республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшесі жұмыс істейді. Олар еліміздегі әртүрлі мекемелерде 300-ге жуық кездесу өткізіп, 120 000 адамға ақпарат жеткізді.

 

Толығырақ ...

312 КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ (+ ФОТО)

  islam-atyrau.kz/20 желтоқсан, 2019 жыл.   2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС 312 кәсіпорынға халал сертификатын берді. Бұл туралы ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейтбеков мәлімдеді.

«2019 жылы жаңадан тіркелген компаниялар саны – 102, ал осы жылы жұмысы тоқтаған кәсіпорындар саны – 47, жыл барысында халал сертификатына сай қасапшы куәлігіне ие болғандар саны – 157» деп атап өтті С.Сүйерқұлұлы.

Толығырақ ...