Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Қарттар үйіне барды

  islam-atyrau.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл. Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қарттар үйіне барды.

Қартайған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшыраған қамкөңіл жандармен кездескен Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы елдегі ахуал, дін мәселесі тақырыптарында уағыз айтты.

«Дінде проблема жоқ. Оны проблемаға айналдырып отырған өзіміз. Бүгінде дінімізді ділімізбен, ұлттық құндылықтарымызбен бірге насихаттау маңызды. Сонымен бірге, еліміздің бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы үшін дұғада болуымыз керек. Мемлекетіміз жетімін де, жесірін де жылатпай, әркез қамқорлығында ұстап келеді. Дініміздің дамуына да бар жағдай жасалуда» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы өз сөзінде.

  Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

1 ЖЫЛДА 14 847 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

   islam-atyrau.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берді.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлының мәлімдеуінше, жеке тұлғалар көкейдегі сауалын пошта, телефон, жеке кездесу арқылы қойған. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы сауал жолдаған азаматтардың көтерген мәселесіне қатысты жауап жазылған. Сауал қоюшылардың басым бөлігі отбасы мәселесі бойынша кеңес сұраған.

«Қазір қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап береді» дейді С.Құрбанұлы.

 
Толығырақ ...