Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысы мешіттерінде жат ағымның зардабы туралы жұма уағызы айтылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде жұма күнінамазға жиналған жамағатқа "Жусан" операциясы аясында Сирия даласынан елге оралған қазақстандықтардың өкініші бейнеленген видеожазба көрсетілді.

        Өзін "Алматы облысының тұрғыны Зухра Кенжебаевамын"деп, таныстырған азаматша Сирия жерінде ешқандай да исламның жоқ екендігін, ол жер қатыгездік пен нәпсіқұмарлықтың ордасы екендігін баяндайды. Теріс ағымның ықпалына түсіп, қайғы жұтқан әйелдің жағдайы көпке сабақ болуы тиіс. Видео көрсетілімінен кейін Атырау облысына қарасты барлық мешіт имамдары жат ағымның қасіреті, шынайы исламның шарапаты жөнінде кеңінен уағыз айтты. 

            Еске сала кетелік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бір ай бойы жүргізілген "Жусан" операциясы нәтижесінде Сирия жерінен елге 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтарылған болатын. 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін Зерттеу орталығы (ИРСИКА) «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен конференция жұмысына белгілі ғалымдар, академиктер, атап айтқанда, Серік Қирабаев, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков, Тұрсын Ғибитовтар қатысты. Сонымен қатар, дін қайраткері Сәдуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан Сәдуақасқызы да қатысты.

 Конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
«Саналы ғұмырын Ислам дінінің гүлденуі жолына арнаған Сәдуақас Ғылманиұлының қаламынан қасиетті қазақ топырағында алғашқы «Мәуліт жыры» туындаған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын  ардақты Алла Елшісінің туған айында мәуліт кешін ұйымдастырады. Осы игі шарада пайғамбардың өнегелі өмірін өлең-жырмен баяндау – рухани кештің негізгі мәні мен маңызы болып саналады. Халықты ізгілік пен имандылыққа ұйытатын рухани шарада Сәдуақас Ғылманидың жазған «Мәуліт жыры» оқылады. Осындайда: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деген халық нақылы еріксіз еске түседі», – деп атап өтті.

Конференцияда Серік Қирабаев, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков сынды белгілі ғалымдар естелік әңгімелер айтып, ғылыми баяндамалар жасады.

 

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz   

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы жаңа ғимаратында «Аллаға иман», «Періштелерге иман», «Ақыретке иман», «Қазіргі сенім мәселелері» атты жаңа кітаптардың танытымы болып өтті. Аталмыш туындылар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жарық көрді. Іс-шараға Түркия Республикасы елшілігінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын және ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісіне жиналған дін қайраткерлері қатысты.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Діни басқармада көптеген маңызды кітаптардың шығып жатқандығын, солардың ішінде қасиетті Құран Кәрімнің қазақ тіліне аударылып, таратылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, бүгін танытымы өткен жаңа кітаптардың баспадан шығуына ұйытқы болған Түркияның Дін істері жөніндегі басқармасына айрықша алғысын жеткізіп, алдағы уақытта мұсылман жұртшылығы үшін тағы да пайдалы еңбектер шығатындығын тілге тиек етті.

Толығырақ ...

ВИЦЕ-МИНИСТР ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҒАЛЫМДАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын Астана қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісіне қатысып, ғалымдармен сұхбаттасты.

Басқосуда дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, діни бағытта білім алғысы келетін азаматтарды шетелде емес өз елімізде оқыту, деструктивті ағымның арбауына іліскен тұлғаларға қатысты оңалту жұмыстарын жандандыру, оңалту шаралары бойынша қызмет ететін білікті мамандар санын арттыру, жамағатты бірлік пен игілікке үндеу, олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды. Сонымен қатар, оңалту жұмыстарын жетілдіру үшін арнайы әдістемелік құрал әзірлеу жайы сөз болды. Осы ретте Ғұламалар кеңесі жанынан жұмыс тобы құрылатын болды.

Кездесуде вице-министр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни саладағы қызметін жаңғырту бағытында ұсыныс-тілектерін жеткізді.

«Ғұламалар кеңесі осыған дейін мүфтияттың концептуалдық құжаттарын, әртүрлі өзекті оқиғаларға орай Діни басқарманың ұстанымын айқындайтын мәлімдемелер мен 100-ге жуық пәтуалар қабылдады. Кеңестің әлеуеті күн санап артып келеді. Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыты пәтуа шығару, азаматтардың діни сұрақтарына жауап беру болғандықтан, бұл саладағы қызметімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз тиіс», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Басқосу барысында көтерілген мәселелер төңірегінде ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков, белгілі теолог-ғалым Мұхан Исахандар өз пікір-пайымдарымен бөлісті.

Толығырақ ...