Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Иман жастары" мұқтаж жандарға азық үлестірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, бүгін Атырауда қайырымдылық шарасы өтті.

      Орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" еріктілері көп балалы отбасыларға және мұқтаж жандарға азық-түлік пакетін үлестірді. Барлығы жеті отбасына азық-түлік таратқан "Иман жастары" еріктілері ең қайырлы амалдың садақа беру екендігін айтады.

         "Жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуде – Алла разылығы көзделуі тиіс. Сол үшін мұсылман баласы пенделік мақсатты көздеп емес, тек қана Алла ризалығын мақсат тұтып қайырымдылық жасауы керек. Біздің мақсатымыз - қоғамды игілікті істер жолында біріктіру" дейді орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы, "Иман жастары" еріктілерінің жетекшісі Мұрат Мұстафаев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Толығырақ ...

"Иманғали" орталық мешіті қайырымдылық турниріне қатысты

Бүгін Атырауда "Балаларға үй қажет" атты  кіші футболдан қайырымдылық турнирі өтті.

            "Сенім Қазақстан" тренинг орталығы белсенділері және "Атамекен эко" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық бағыттағы футбол турниріне сегіз команда қатысты.

             Турнирден түскен қаражат көп балалы ана Мейрамгүл Әмірғалиеваның отбасына үй алуға жұмсалады. Үлкен ұлы ДЦП, яғни церебралды паралич ауруына шалдыққан көп балалы ана қазіргі кезде пәтер жалдап жүр.

    Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық "Иманғали" мешіті тарапынан арнайы команда қатысты. Әдемі ойынмен бірге, игілікті істің үлгісін көрсеткен турнир нәтижесінде әр команданың жарнасы есебінен 800 мың теңге қаражат жиналды.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...