Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның жаңа Елшісі тағайындалды

   islam-atyrau.kz/26 ақпан, 2019 жыл. ҚР Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне төтенше және өкілетті елші тағайындады.  Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мадияр Смәділұлы МЕҢІЛБЕКОВ

1978 жылғы 8 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған.

2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі.

2002-2005 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы. 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы. 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы.

2006-2011 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы.

2011-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы.

2012-2015 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі.

2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2017-2019 жылдары ҚР Дубайдағы Бас консулы қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 ақпаннан бастап — ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, үш баласы бар.

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...

ИМАМ ИМИДЖІ: МЕДИАТЕНДЕНЦИЯ ҺӘМ МӘДЕНИЕТ

islam-atyrau.kz/26 ақпан, 2019 жыл. Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарына арналған семинар-тренинг болып өтті.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі: әдебі мен әлеуеті» тақырыбында өткен семинар жұмысына Елордамыздағы 10 мешіт имамдары мен ұстаздары, сайт қызметкерлері қатысып, көптеген қажетті деректермен танысып қайтты.

Елуден астам дін қызметкерінің басы қосылған алқалы жиынға ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жапал Долиев, Muslim.kz сайтының маркетолог маманы Махамбет Ескендіровтер шақырылып, аталмыш тақырып аясындағы арнайы баяндамалар жасалды. Семинар шымылдығын ашқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин бүгінгі таңда ғаламтор бетіндегі белсенділікті арттырудың қаншалықты қажет екенін атап өтіп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Отырыс тізгінін қолға алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев бұдан соң қатысушыларға арнайы шақырылған баяндамашыларды таныстырып, шараның тартымды өтуіне ықпал жасап отырды.

Әлеуметтік желіні пайдалану ережелерінен бастап, әдебі мен әлеуетін қоса түсіндірген мамандар кеңесі – қатысушылар үшін қажеті мол ақпарат болды. Тіпті, арнайы бейнероликтер мен фото түсіндірмелер көрсетіліп, көпшілік көкейіндегі түрлі сұрақтарға жауап қайтарылды. Дін насихатын ғаламтор бетінде де дамытып, желі арқылы теріс ағымдарға тосқауыл қою – қазіргі заман талабы екені сөзсіз. Осы себепті де, бүгінгі өткен семинар-тренинг жұмысы еліміздің діни өміріне жасалған үлкен үлес десе де болғандай.

Семинар соңында арнайы шақырылған баяндамашыларға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі атынан «Алғыс хат» табысталып, семинар қатысушыларына сертификат берілді.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Алматы қаласында бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы өтеді

islam-atyrau.kz/26 ақпан, 2019 жыл. ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Үммет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 сәуір күні бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтеді.

 

 Қатысушыға қойылатын талаптар:
Жарысқа қатысушы Қазақстан азаматы мен азаматшасы болуы;
Үміткердің жасы 8-ден аспауы тиіс;
Қатысушы «Мутаффифин» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа білуі;
Оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады.

 

Қажетті құжаттар: Туу туралы куәліктің көшірмесі, Үміткердің өтініші.

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 28 наурызға дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жарысқа қатысушы барлық бүлдіршіндерге (ер балалар және қыз балалар тобы) сыйлықтар табысталады. Ал, арнайы жүлдегерлерге төмендегідей көлемде сыйақы тарту етіледі:

1-орын (100 000 теңге)

2-орын (75 000 теңге)

3-орын (50 000 теңге)

ЫНТАЛАНДЫРУ:

3 қатысушыға (25 000 теңге)

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Балаларына Құран Кәрім үйреткендерге немесе Құран Кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран Кәрімнің әрбір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі кигізіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады», – деп айтылғандай, бүлдіршіндеріміздің жастайынан Құран жаттап, иманды да салиқали, отансүйгіш болып өсуі – біздер үшін зор бақыт.

 

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 985 45 90 – Шоқан Құдайбергенов.

 

Дереккөз: "muftyat.kz"

 

Толығырақ ...