Аль-Мәлик Аль-Қуддус | 3-дәріс | Батыржан Мансұров
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты.
Қазақстандық делегация Сауд Арабия Королдігі (САК) Қажылық және умра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшаттың қабылдауында болды.
Кездесуге наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас сарапшысы Тимур Тілегенов қатысты.
Кездесуде 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары, виза шығару, әуе тасымалдау, қажылардың денсаулығы мен жол қауіпсіздігі, т.б. мәселелер талқыланды.
Қажылық және умра министрінің орынбасары Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат мырза Қазақстан Қажылық миссиясының өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы оң пікірін білдірді.
Басқосу нәтижесінде Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі 2019 жылға Қазақстан үшін 3 200 қажыға орын бөлді. Тараптардың міндеттері мен мақсаттарын айқындайтын келісім құжатына қол қойылды. ҚМДБ тарапынан төраға, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, САК Қажылық және умра министрлігі тарапынан вице министр Абдулфаттаһ бен Сүлеймен Машшат мырза аталған құжатқа қол қойды.
Айта кетсек, еліміз үшін берілген 3 200 квота – Қазақстаннан 3 200 адамға дейін қажылық парызын өтеуге мүмкіндігі бар деген сөз. Ал мүфтияттың талаптарына сәйкес келген, Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп табылған фирмалар ғана жұмыс істейтін болады.


Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы "Зекет" қорының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде қордың 2018 жылы жүзеге асырған игі жобалары баяндалды. Қор директоры Талғат Омаров Бас мүфтиге 2019 жылы жоспарға сәйкес атқарылатын ауқымды жұмыстар жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, жуырда іске қосылған "Зекет" қорының мобилді қосымшасын таныстырды.
Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қор өкілдерінің жұмысын жоғары бағалап, батасын берді.
Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен халал индустриясын дамыту мәселесіне арналған алқалы мәжіліс өтті.
Ресми кездесуге Ұлттық акредиттеу орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мақсұт Өмірханов бастаған жұмыс тобы, мүфтият тарапынан наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, мүфтият жанындағы «Халал Даму» ЖШС директорының орынбасары Әнуар Елжанов қатысты.
Басқосуда мүфтият пен Ұлттық акредиттеу орталығының бірлескен жобаларын жүзеге асыру, өзара тәжірибе алмасу, өнімдерді халал стандарттау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, технолог-мамандар корпусын қалыптастыру, осы салада Діни басқарма мен Орталықтың ортақ қызметін жандандыру, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды.
Өз кезегінде сөз алған Ұлттық акредиттеу орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мақсұт Өмірханов бұл салада мүфтиятпен ынтымақтаса отырып қызмет етуге дайын екенін атап өтті.
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталымен кездесті.
Кездесуге ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкіл имамы Төлеби Оспан, Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Сәдиев, т.б. дін қызметкерлері қатысты.
Ақтөбеден арнайы келген мәртебелі мейман мүфтиге қоныс құтты болсын айтты.
Өз кезегінде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:
Басқосу барысында Бас мүфти мүфтияттың 2019 жылы атқаратын ауқымды жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Ақтөбедегі діни ахуал туралы сұхбаттасты.
Мешіт жамағаты Алланың үйіне ерекше сый жасады. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан "Мәулімберген" мешітінің жамағаты Алла үйіне су жылытқыш құрал мен дауыс зорайтқыш аспапты тарту етті.
"Мешітімізде енді азан мен Құран, уағыз дауысы бұрынғыдан да сапалы естілуде. Жергілікті халық дән риза. Бауырларымызға Алла разы болып, фирдәуси жәннатынан орын берілгей!" дейді "Мәулімберген" мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.
"Мәулімберген" мешітінің баспасөз-қызметі.