Актер Фархат Аманқұлов Сұлтан Бейбарыс мешітіне келді
- Бөлім: Жаңалықтар
islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.
Әйгілі Сұлтан Бейбарыс фильмінде жас Бейбарысты сомдаған актер, ҚРЕңбек сіңірген жаттықтырушысы Фархат Аманқұлов Атырауқаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітіне арнайы қонақ болып келді.
Мәртебелі мейманды Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевқұрметпен қарсы алды. Меймандарды мешіт тынысымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.
Еркін форматта өткен жүздесу соңында Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев актер, ҚРЕңбек сіңірген жаттықтырушысы Фархат Аманқұловқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты кітапты сыйға тартты.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.