Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ертең бас мешітте азаншылар сайысы өтеді

islam-atyrau.kz/1 мамыр, 2019 жыл.

Бұған дейін хабарланғанындай, ертең орталық "Иманғали" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың бастамасымен  азаншылар сайысы өтеді.

"Әсем әуезді азаншы" конкурсы мешіт жамағаттары арасында жарияланып отыр. Жарыстың басты талабы азанды тәжуид ережелеріне сай шақыру, азанның соңында оқылатын дұғаны айту және азанды әдемі мақаммен оқу.

Жүлде қоры - 1 миллион 500 мың теңге. Бірінші орын алған жеңімпазға 500 мың теңге (Умраға жолдама) беріледі. Екінші және үшінші орын алған азаншылар 300 мың теңге және 200 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Ынталандыру бес қатысушыға беріледі. Бұл жердегі сыйақы көлемі 100 мың теңге.

Барша жамағатты бәйгеге белсенділікпен қатысуға шақырамыз.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Рамазанға дайындық: Атырау мешіттері игі бастамаларды жүзеге асыруда

 islam-atyrau.kz/1 мамыр, 2019 жыл. Рамазан айының қарсаңында Атырау мешіттерінде дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр.

Мәселен, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ауласына баннерлер ілініп жатыр. Қасиетті Рамазан, ораза ұстаудың сауабы, игі амал жасаудың маңыздылығы сынды ауқымды тақырыптарды қамтыған баннерлердегі жазбалар хадис-шарифтерді негізге алған.

"Сонымен бірге, мешітімізде Рамазан айында бір мезгілде 250 адамға ауызашар дастарханы тегін беріледі. Қазіргі таңда мешіт жанындағы асханада жан-жақты дайындық жұмыстары жасалып жатыр" деп нақтылады Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.  

***

Қасиетті Рамазан қарсаңында Атырау мешіттері қоғамға үлгі боларлық игі істер атқаруды жалғастыруда. 

Мәселен, Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешіті ұжымы жамағатымен бірлесіп, № 19   "Шұғыла" балабақшасына  тал егіп, көкалдандыру жұмыстарын жүргізді. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Атырауда ақсақалдар харам сусын сатудан тыйылуға шақырды (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/1 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің "Аяттан - амалға" жобасы жалғасуда.

Бұл жолы мешіттің ақсақалдар алқасы Атырау қаласындағы азық-түлік дүкендерін  аралап, қасиетті Рамазан айының құрметіне арақ-шарап сатудан тыйылуға үндеді. 30 сәуір күні Youtube желісіне жүктелген видео 1000-нан астам қаралымға ие болды. Әлеуметтік желі қолданушылары игі бастамаға қолдау білдіруде.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...