Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазан айшықтары: Атырауда барлық мешіттерде күнделікті ауызашар берілуде

 islam-atyrau.kz/10 мамыр, 2019 жыл. Сауабы мен шарапаты мол Рамазан айын Атырау өңіріндегі мешіттер жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Барлық мешіттерде күніге Құран хатым оқылып, Тарауих намазы мыңдаған жамағаттың басын қосуда.

  Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мəулімберген мешітінде Рамазан айының құрметіне жамағатқа күнделікті  ауызашар берілуде. "Әр ауызашар дастарханын  рухани кешке айналдыруды көздеп отырмыз. Қазақта бірлігі мықты ел озады" деген керемет тәмсіл бар. Исламның негізгі мақсаты да бірлікте болу. Ауызашардың әр күнгі тақырыбы қоғамдық тұрақтылық, ел бірлігіне арналып отыр" дейді Мәулімберген мешітінің Бас имамы Мақсот Бағытжанов.

***

Ал, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте бір күнде 250 адам бір мезгілде ауызашарға қатысуда.

 "Соның ішінде ерлер үшін 200 орын, әйел жамағаты үшін 50 орын  дайындалды. Ауызашар рәсімі отыз күн бойы жалғасады Бұдан бөлек, қасиетті Рамазан құрметіне қайырымдылық акциялары жоспарланып отыр. Әрқайсымыз ізгілік іс атқаруда жарыссақ абзалырақ болар еді" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі. 

 

Толығырақ ...