Бас жүлде - Умра қажылығына жолдама: Атырауда ересектер арасында Құран жарысы өтеді
- Бөлім: Жаңалықтар
islam-atyrau.kz/11 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жергілікті журналистер үшін баспасөз-конференциясын өткізген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров сауабы мол айдың құрметіне мұнайлы өлкеде Құран жарысы өтетіндігін хабарлаған болатын.
Міне, Атырауда тағы да ересектер арасында Құран жарысы бәйгесі жарияланып отыр. 26 мамырға белгіленген бәйгеге облыстың 12-35 жас аралығындағы үміткерлері қатыса алады. Басты талап - тәжуид ережесін сақтай отырып, "Нәс" сүресінен "Нәба" сүресіне дейін сүрелерді жатқа оқу. Жүлде қоры - 850 000 теңге!
Бірінші орын алған үміткер Умра қажылығына (400 мың теңге) жолдаманы иелене алады. Екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге беріледі. Ынталандыру сыйлығы үш үміткерге тең бөлінеді. Бұл сыйлықтың мөлшері - 50 мың теңге. Рухани бәйгеге қатысамын деуші үміткерлер 24 мамыр сағат 18.00- ге дейін тіркеліп үлгеруі тиіс. Бәйгенің өтетін орыны - орталық "Иманғали" мешіті.
Қосымша сұрақтар бойынша анықтама телефоны: 8 708 524 98 94
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.