islam-atyrau.kz/27 мамыр, 2019 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне дастархан жайып, ауызашар берді.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысқан ауызашар дастарханына еліміздің іс басындағы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақ ретінде арнайы келді.
Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.