Рамазан айы қарсаңында Сұлтан Бейбарыс мешітінде игі істер атқарылуда
- Бөлім: Жаңалықтар
islam-atyrau.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айына Атырау облысының мешіттері үлкен дайындықпен келіп отыр.
Қасиетті жұма күні Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлы жұма уағызында жамағатқа Тарауық намазын жүргізетін қариды таныстырды. Муxаммадазиз Шаxмансуров - Ықылас медресесінің биылғы түлегі. Кентау қаласындағы Хантағы ауылының тумасы.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкедегі барлық мешіттерде ұйымдастыру шаралары нақтыланды.
***
Рамазан айының құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жұма күні жамағатқа тегін нан таратылды. «Садақа – жүректерді жұмсартады. Және садақаның ең абзалы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқандай, өзгені тамақтандыру. Осындай игі істер келешекте қоғамдық үрдіске айналады деп сенеміз» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі