Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Бас имам аттестацияға дайындық мәселесін пысықтады

 islam-atyrau.kz/18 маусым, 2019 жыл.   Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров қалаға қарасты мешіт имамдарының басын қосты.

Орталық "Иманғали" мешітінде өткен алқалы жиында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тарапынан берілген тапсырмалар пысықталды. Соның ішінде, имамдардың қоғамдағы, жұмыс барысындағы қызмет көрсету этикасы, әдебі мәселесі кеңінен талқыланды.

"Сондай ақ, 22-23 маусым күндері облыс имамдары үшін біліктілікті арттыру семинары өтеді. 24-25 маусым күндері  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері арнайы сапармен Атырауға келіп, имамдарды аттестациялық сынақтан өткізеді. Осы мәселелерге байланысты, нақты тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, мешіттер жанындағы жазғы сауат ашу курсын жандандыру бойынша нақты міндеттер қойылды" дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Президент Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

  islam-atyrau.kz/18 маусым, 2019 жыл.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

"Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Қатардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Қатар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді. 

"Біз сіздің еліңізге инвестиция салуға ниеттіміз. Бұған Қазақстан да мүдделі. Біздің ынтымақтастығымызды арттыру бағытында бірлескен техникалық комиссия құрылса, елдеріміздің өзара қарым-қатынасына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын", – деп атап өтті Тамим бен Хамад Әл Тани.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне Футболдан әлем чемпионатын абыроймен өткізуге тілектестік білдірді.

Толығырақ ...