Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеу жұмыстары биыл аяқталады

   іslam-atyrau.kz/10 ақпан, 2020 жыл.   Сұлтан Бейбарыстың Каирдегі мешітін реставрациялау жұмыстары 2020 жылғы шілдеде аяқталады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев МАР Көне ескерткіштер және туризм министрі Халед Әл-Аннанимен кездесіп, екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырды.

Атап айтқанда, дипломат соңғы жылдары Қазақстаннан Шарм аль-Шейх пен Хургадаға тікелей чартерлік рейстер ашылуының арқасында Мысыр курорттарына келетін қазақстандық туристердің саны едәуір артқанын айтты.

Биылдан бастап, Мысырда кеңінен жүргізіліп жатқан ақпараттық-жарнамалық кампанияның арқасында мысырлық туристердің біздің елге келуге деген қызығушылығы да артуда. Осыған орай, Елші екі ел арасындағы туристік ағымды кеңейту үшін мысырлық әуекомпаниялардың Қазақстанға тікелей әуе рейстерін ашуға қолғабыс беруді сұрады. Х.Әл-Аннани МАР Азаматтық авиациямен бірлесіп бұл мәселені жақын арада шешуге уәде етті. Министрдің айтуынша, қосымша рейстердің ашылуы тек өзара туризмнің өсуіне ғана емес, екі ел арасындағы бизнес қатынастары мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануына серпін береді.

Бұған қоса, А.Исағалиев Ұлы Дала Елінің даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыстың Каирдегі мешітін қалпына келтіру жұмыстарын жаңғыртқаны үшін Мысырдың Үкіметі мен Көне ескерткіштер және туризм министрлігіне зор алғыс білдірді.

Қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш жобаның бас мердігері – Мысыр мен Таяу Шығыстағы ең ірі «Arab Contractors» құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, мешітті реставрациялау жұмыстары толығымен 2020 жылғы шілдеде аяқталуы тиіс.

Толығырақ ...

Исатай ауданында жаназа және жерлеу рәсімдері мәселесі талқыланды

  іslam-atyrau.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Жаназа және жерлеу рәсімдері тақырыбы Исатай аудандық орталық мешітінде талқыланды.

Жергілікті жамағатқа Атыраудағы Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов арнайы барып, уағыз айтты.

«Уақыттың сұранысына сай дайындалған «Жаназа және жерлеу рәсімдері»  кітабында бүгінгі қоғамда жиі айтылып жүрген өзекті мәселелер қамтылған. Қабір басына кесене тұрғызу, тастан белгі қою, мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары, діни жоралғылар бір жүйеге келтірілген. Ғұламалар кеңесінде екі жыл қаралған жинақта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылған. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі де жан-жақты қамтылады.

Ортақ мәмілеге келудегі мақсат – ең алдымен, еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу болып табылады» деген ұстаз Өсімхан Тілеуов жиналғандарды садақа кезінде мүфтият бекіткен дастархан мәзірін назарға алуды ұсынды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.

Толығырақ ...

"Дін - ол адалдық" дейді ұстаз Ерболат Боханов

  іslam-atyrau.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Жылыой аудандық «Жылыой мұсылмандар» мешітінің бас имамы Арман Әділбекұлының ұйытқы болуымен, аталмыш мешітте кезекті айлық дастархан ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты жиналып уағыз тыңдады.

Рухани шараға «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Ерболат Боханов бауырымыз арнайы келіп, шам намазы мен құптан намазы аралығында «Діндегі адасушылықтың қатері» жайында уағыз айтты.

«Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық — дәстүрлі діндердің басты ұстанымы. Ал, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық» деп атап өтті өз сөзінде ұстаз Ерболат Боханов.

Сонымен қатар, құптан намазынан соң мешіттің екінші залында дастархан жайылды.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ БАС МҮФТИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 іslam-atyrau.kz/10 ақпан, 2020 жыл.  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Бұл мәртебелі міндет ұзақ жыл бойы елдегі діни ахуалды жақсарту, халқымыздың төл руханияты ислам дінін насихаттау және оны орнықтыру бағытында атқарған қажырлы еңбегіңіздің еленуі деп білемін. Нұр-Сұлтан қаласы халқының діни сауатын арттыруда және келер ұрпаққа тәрбие беру, отандастарымыздың рухани әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесіңізді, сондай-ақ мұсылман қауымы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамдағы гуманистік құндылықтарды барынша нығайтуға белсенді атсалысып жүргеніңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да діни ахуалды жақсарту және азаматтарымыздың бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бағытында табысты еңбек атқаратыныңызға сенімдімін» делінген құттықтау хатында.

 
Толығырақ ...

РЕСЕЙДІҢ АЗИЯЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ БАС МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

  іslam-atyrau.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Ресейдің Азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти шейх Нафигулла Аширов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

Нафигулла Аширов құттықтау хатында Қазақтың тарихи мұрасын сақтап, Ислам құндылықтарын дамыту және халықтар арасындағы бауырлас байланысты жолға қою еларалық ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өткен.

«Құрметті Бас мүфти, Сізді жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, отбасымыздың бүтіндігіне, дініміздің беріктігіне, Қазақстан халқына, тұрақтылық пен бейбітшілікке қызмет етуде зор табысқа жетуіңізге тілектеспін» делінген құттықтау хатта.

Толығырақ ...