Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сонымен қатар бөлім меңгерушілері мен мамандар қатысты.

Мәжілісте шариғат және пәтуа мәселесіне қатысты жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабы топтастырылған кітап шығару, РАНТ және ЖАНТ мүшелеріне оқу-әдістемелік құрал дайындау, жұма уағызы кітабын әзірлеу, жастарға, қыз-келіншектерге танымдық еңбектер әзірлеу, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы білім сайысын өткізу, мешіт жанындағы сауат ашу курсының оқу бағдарламасын жетілдіру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Талқыланған бағыттар бойынша белсенді жұмыс нәтижесін көрсетуді тапсырамын. Әр бөлім өзіне жүктелген міндетті уақытылы әрі сапалы орындаса, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

 

 

 
Толығырақ ...

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтиятты 2017-2020 жылдар аралығында басқарған Серікбай қажы Оразбен кездесіп, оған құрмет көрсетті. Қазақы салтпен иығына шапан жауып, кәде-сый табыстады.

«Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы! Сіз қаншама жылдан бері діни салада аянбай еңбек етіп келе жатқан тұлғасыз. Алла разы болсын! Осында отырған ізбасарларыңыз сізді қашан да мақтан тұтады. Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық бергей», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Серікбай қажы Ораз Бас мүфти бастаған ҚМДБ қызметкерлеріне алғадай тілегін жаудырып, ізгі ниетін жеткізді. Серікбай Сатыбалдыұлы дін саласында қызмет етіп келе жатқан мүфтият ұжымына дұға жасады.

ҚМДБ ғимаратында өткен жиынға наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сонымен қатар мүфтият қызметкерлері қатысты.

Толығырақ ...